Биыл Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне БҰҰ Бас хатшылығы атынан Бас комиссар ретінде тағайындалу – мен үшін үлкен абырой. Болашақтың энергиясы саласына қолдау көрсету үшін Қазақстанның ЭКСПО тақырыбын осылай атағанын жоғары бағалаймыз. Сонымен қатар, Қазақстанның климат жөніндегі Париж келісіміне қол қойған мемлекеттердің бірі екенін ескерсек, қоршаған ортаны қорғау саласына да елдің қаншалықты қолдау көрсетіп отырғанын көреміз.
Бүгіннің өзінде Қазақстан қоршаған ортаға көмірқышқыл газын шығаруды азайтуда өзіндік жоспарын бекітіп алды. Жалпы, бұл көрме Қазақстан үшін тұрақты дамуға арналған энергия тақырыбына серпін беретін керемет мүмкіндік болатыны сөзсіз әрі ол Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуде соншалықты маңызды болып табылады. ЭКСПО-ның көпшілік үшін жетістікке айналатынына және өңірлік қана емес, әлемдік деңгейде де жұртшылық назарын аудартатынына сенімдімін.
Ал ЭКСПО көрмесі біткеннен кейін де жасыл энергетика Қазақстан экономикасының жетекші салаларының біріне айналып, «жасыл технологияға» алмасу орталығына айналады деп үміттенеміз. Сондай-ақ, бұл көрме өзге елдер үшін де осы салада өзіндік инновацияларын таныстырып, тәжірибе алмасатын алаң болып қалатыны сөзсіз. Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл бастаманы қолдайды және болашақтың энергиясы саласындағы бағдарламаларда әріптестік орнатуға мүдделі.
БҰҰ Даму бағдарламасы Қазақстанмен тығыз әріптестік орнатқан және елдің демократиялық үдерістерді дамыту бағытындағы қадамдарына қолдау көрсетеді.
Жихан СҰЛТАНОҒЛУ,
Біріккен Ұлттар Ұйымы
Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ Даму бағдарламасы Еуропа мен ТМД елдері бойынша Өңірлік бюросының директоры, «БҰҰ ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің Бас комиссары,
арнайы «Егемен Қазақстан» үшін

Қызылорда облысында ауылды су басу қаупі сейілді
Су тасқыны • Бүгін, 13:48
Үсік жүріп, қар жаууы мүмкін: Қазақстанда күн суытады
Ауа райы • Бүгін, 13:30
Мұхтар Шахановтың есімін Алматы көшелерінің біріне беру ұсынылды
Тұлға • Бүгін, 13:14
Халқымен қайта қауышқан қайраткер
Тұлға • Бүгін, 12:59
Атырау облысындағы отбасының өлімі: Күдікті туыстарын бірнеше ай бойы кезекпен өлтірген
Қылмыс • Бүгін, 12:58
Мирас • Бүгін, 12:55
Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі
Үкімет • Бүгін, 12:39
Қазақстан квотасымен шетелдіктерді қажылыққа апарғандар жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 12:35
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды
Бюджет • Бүгін, 12:30
«Тобыл» клубының бас бапкері ауысты
Футбол • Бүгін, 12:18
Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі енгізіледі
Бюджет • Бүгін, 12:08
Астана – Шымкент бағытында ұшақтар күніне 4 рет ұшатын болады
Қазақстан • Бүгін, 11:47
Енді борышкерлердің банк шоттары толық бұғатталмайды
Банк • Бүгін, 11:38
Израиль мен Ливан арасындағы бітім үш аптаға ұзартылды
Әлем • Бүгін, 11:35
«Барселонамен» келісімшартқа отырған қазақ баласы Ұлттық құрамаға шақырту алды
Спорт • Бүгін, 11:20