13 Ақпан, 2017

Жұмыс сапарындағы жұртшылықпен жүздесулер

223 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Сенатор Рашид Түсіпбеков Ақмола облыстық Әділет департаментінде болып, Президент Н.Назарбаевтың ел Конституциясына өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жоба­сының негізгі ережелерін түсіндіру тұрғы­сында еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Р.Түсіпбеков Президенттің билік өкілеттіктерін қайта бөлу және саяси жүйені тұтастай демократия­ландыруды көздейтін конституциялық реформалардың маңызына орай жан-жақты түсінік берді. Депутат өз сөзінде Конституцияның 26-бабына ұсынылған түзету­лерге ерекше назар аударды. Бұл түзетулер Қазақ­стан Республикасының азаматтарына ғана емес, шетел­дік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға да заңды түрде алған қандай да болса мүлкіне жеке меншік құқығына кепілдікті қамтамасыз етеді. Жеке меншік құқығына ұсынылған күшейтулер еліміздегі шетелдік те, отандық та инвесторларға арналған инвестициялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ, орта тапты жедел қалыптастыру мен нығайтуға ықпал ететін болады. Бұл ретте Конституцияның 26-бабындағы өзгеріс­тер жер қатынастарын, оның ішінде шетелдіктердің жерді сатып алуын реттемейді. Жерге жеке меншік мәселелерін қарастыратын Конституцияның 6-бабына ешқандай өзгерістер енгізілмейді», – деді депутат. * * * Сенатор Ольга Перепечинаның жұмыс сапары Солтүстік Қазақстан облысында жалғасты. Оның Солтүстік Қазақстан облыстық прокуроры­ның міндетін атқарушы Т.Тәшімбаевпен және Статистика департаментінің ұжымымен кездесулері барысында «Конституцияға өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды. «Қазпошта» акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облыстық бөлімшесінің қызметкер­лерімен кездесу барысында және Айыртау ауданын­дағы Антоновка, Новоукраинка ауылдарының тұрғын­дарымен кездесу кезінде депутат жиналған­дарды мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілет­тіктерді қайта бөлу жөніндегі алдағы реформа туралы хабардар етті. Мамлют ауданындағы Воскресеновка және Новомихайловка ауылдарының тұрғындарымен де Конституцияға ұсынылған өзгерістердің жобасы талқыланды. * * * Сенат депутаты Рашит Әкімовтің Ақмола облысына жұмыс сапары одан әрі жалғасты. Сенатор Астрахан ауданындағы №6 Агротехникалық колледждің оқытушылары және өндіріс шеберлерімен кездесті. Мәдениет үйінде болған кездесуде билік тармақ­тар­ы арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі алдағы реформалар, сондай-ақ, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы негізгі міндеттер талқыланды. Р.Әкімов Елбасының Жолдауындағы ережелерді іске асыру жөніндегі Парламенттің заң шығару қыз­метінің жоспары туралы әңгімеледі. Ауыл тұр­ғындары мемлекетті демократияландыру, экономиканы жаңғырту және халықтың әл-ауқатын арттыруды көздейтін Мемлекет басшысының бастамаларына қолдау білдірді. * * * Парламент Сенатының депутаты Серік Жақсы­беков Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесті. Сенатор Президент Н.Назарбаевтың конститу­циялық реформалары мен Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсе­кеге қабілеттілік» Жолдауының негізгі ережелері туралы шараға қатысушыларды жан-жақты хабардар етті. Одан басқа, әскери қызметкерлерді әлеуметтік жағынан қорғау мен тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. * * * Парламент Сенатының депутаты Дархан Кәлетаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінің профессорлық-оқыту­шы­лар құрамымен және студенттерімен кездесті. Cенатор Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының ережелерін түсіндіруге орай сөз сөйледі. Сондай-ақ, конституциялық реформалар мен билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды. * * * Сенатор Марат Тағымов Ақтөбе облысына жұмыс сапарын жалғастырған болатын. Әйте­кеби ауданында сенатор аудан активімен, еңбек ұжымдарымен, шаруашылық жүргізуші субъек­тілердің өкілдерімен және ардагерлермен кездесті. Депутат көкөніс өсетін жылыжайда да болды. Жүздесуде аудан жұртшылығы Елбасының «Қазақ­­­­станның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсе­кеге қабілеттілік» Жолдауы мен ондағы бес негізгі басымдықтарды қызу талқылады. Жергілікті тұрғын­дар Қазақстанда үздік технологияларды қолдануға, оның ішінде аграрлық секторды дамытуға қажетті бүкіл ресурстар бар екенін айтты. Ауыл еңбеккерлерін ауыл шаруашылығына, жерді пайдалануға, мал шаруашылығын дамытуға тікелей қатысты мәселелер толғандырады. Осыған байланыс­ты М.Тағымов жиналғандарды аграрлық кешеннің әлеуетін дамыту және ұлғайту жөніндегі міндеттер туралы хабардар етті. Сенатор, сондай-ақ, прокуратура, сот және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірқатар кездесу өткізді. Кездесулерде конституциялық өзгеріс­терге қатысты мәселелерге назар аударылды. * * * Сенатор Серік Бектұрғанов Қостанай облысына жұмыс бабындағы сапары барысында үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен кездесті. Жүздесуде Президент Н.Назарбаевтың «Қазақ­станның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының негізгі ережелері талқы­ланып, жан-жақты әңгіме өрбіді. Азаматтық сектордың өкілдері мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы жөніндегі жұмыстарды жетілдіру жайында пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтты. Үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері Мем­лекет басшысының Үндеуіндегі конституциялық реформалардың маңызы мен ерекшеліктері туралы хабардар етілді, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.