Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында 600 орындық мектеп ашылады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындығы мектептердегі үшауысымды оқытуды жою мақсатында Есік қаласындағы 600 орынды орта мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыстың жалпы құны 1 млрд. 244,238 млн. теңгені құрайды. Нысан 2017 жылы пайдалануға беріледі», - делінген хабарламада.
«Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының кәріз жүйесін қайта жаңарту және салу» нысаны бойынша жоба әзірленді.
2016 жылдың тамыз айында Көксу ауданының Балпық би ауылында аппатты жағдайдағы үйлердің тұрғындары жаңадан салынған 50 пәтерлі үйге толығымен көшірілді.
2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасының аясында Алматы облысының шекаралық аймағы ретінде Райымбек ауданын дамыту бойынша 2016-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленген.
Жергілікті бюджет есебінен бөлінген 929,1 млн. теңгеге Панфилов ауданы Жаркент қаласында 300 оқушыға арналған жалпы орта білім беру мектебінің құрылыс жұмыстары басталды. Нысан 2017 жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі.