13 Ақпан, 2017

2016 жылы ШҚО-да өңірлік жалпы өнім 2,6 трлн теңгеден асты

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Даниал Ахметов Кеңес мүшелерін Шығыс Қазақстан облысының 2016 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларымен және 2017 жылы атқарылатын жұмыстардың басты бағыттары туралы баяндады, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы. Өскеменде Шығыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтіп, онда өңір басшысы Даниал Ахметовтің есебі тыңдалды. Облыс әкімі Шығыс Қазақстанның өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндап, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырудың аясында биыл атқарылатын жұмыстарға тоқталды. 2016 жылы өңірлік жалпы өнім 14%-ға өсіп, 2,6 трлн. теңгеден асқан. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 41%-ға өскен. Астықтың мол шығуы мен мал шаруашылығы өнімі өндірісінің өсуі есебінен ауыл шарауашылығының жалпы өнімінің көлемі 11%-ға артқан. Негізгі капиталға инвестиция 6%-ға, құрылыс жұмыстарының көлемі 44%-ға өскен. Мемлекеттік бағдарламаларды орындаудың аясында жаңа 17 мың жұмыс орындары ашылған. 340 мың шаршы метр тұрғын үй мен 10 әлеуметтік нысан салынып, қолданысқа берілген.