13 Ақпан, 2017

Кәсіпкерге 9 кеңес

247 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Бүгінде тұтынушылар тауар мен қызметтердің жеткізілуін жедел әрі қауіпсіз болын талап етеді.

«Ұзақ өмір сүру экономикасы»

2017 жылы дүние жүзі тұрғындарының 25 пайызының жасы 50-ден асты. Бұлар қартаюдың өмір салтына қаншалықты әсер ететінін түсіне бастағандар. Олар тауар мен қызметтердің қауіпсіздігіне баса мән береді. Сонымен қатар, "50+" тұтынушылар beauty-өнімдердің де негізгі тұтынушылары. Тұтынушы балалар заманы  Бүгінде адамзат ерте жастан бастап тұтынушы болып үйренді. Оған басты себеп ата-аналардың жұмысбастылығы. Ата-аналар балаларына еркіндік беріп, жасөспірімдер ересектермен бірдей қаржы жұмысайтын бола бастады. Мәселен, Латын Америкасындағы балалардың 82 пайызы өздері тұтынатын заттарды өз беттерінше таңдайтын болған. Ал интернеттің келуімен балалар тіпті өз бетімен бола бастады. Ерекше талғамдар Жаппай стантартты өнімдер өздерінің маңызын жоғалта бастады. Бұрын кей тұтынушылар тек брендтерге, физиологиялық ерекшеліктерге, тағам түрлері мен музыкалық талғамға ғана қатысты болса, қазіргі таңда тауарлардың барлық түрі дерлік өзінше аудитория тапқан. Тез шоппинг 2017 жылдың тұтынушылары өте шыдамсыз. Интернет әлем адамзатты жедел тұтынушыға айналдырды. Тауар мен қызметтер нақты уақытқа бағынбайтын бола бастады. Алдын ала тапсырыс беру дегеніңіз кешегі күннің әңгімесі. Брендтер бизнестің жедел моделіне көшіп, Amazon секілді алпауыттар тауарларды жеткізуде дрондардың қызметіне жүгіне бастады. Өзіндік сипаттың өзгеруі Адам баласы тез өзгеретін жаратылыс. Қазіргі трендтен байқайтынымыз, тұтынушылардың талғамы да тез өзгере береді. Миграциялық дағдарыстың әсер етуімен, адамзат ұлттық болмыстарын жоғалтып, әр түрлі мәдениетке еліктей береді. Бұл қалыпты нәрсе. Әсіресе, батыс елдері қазір бір мемлекеттің емес, әлемнің азаматтарына айналған. Әлемдік брендтердің трендке айналуы осының дәлелі. Жекелендіру 2017 жылы стандартты өнімдер тұтынушылардың жеке бас талғамына қарай жекелендірілуде. Адамдардың ерекшеленуге деген құмарлығы "жұртпен бірдей" болмауға себеп болуда. Нәтижесінде ірі компаниялар "эксклюзивті" өнім өндірісіне ден қоя бастады. Нәтижесінде, кісінің эмоциясы мен көңіл-күйіне байланысты өнім мен қызмет түрлері тұтынушылардың қажеттілігін алдын ала болжауға тырысуда. Посттұтыну Биыл тұтынушылар ескі заттарды сатып алуды да өзінше трендке айналдырды. Тауар құпиялылығы пен қауіпсіздік Кибержүйенің дамыған кезінде тұтынушылар өздерінің қауіпсіздігі мен құпиялылығына да мән бере бастады. Мобильді әлемде адамдар өзін барынша жасырын ұстағысы келеді. Сондықтан тауар мен қызмет түрлерінің ұсынысында жеке бас мәліметтер барынша аз сұралғаны дұрыс. Дені сау болу таптық ерекшелікке айналды  Дені сау және спортты дене бітімнің болуы қазіргі таңда бақуаттылық пен байлықтың белгісі. Тұтынушылар өздерінің денесімен мақтануға деген құмарлығы фитнес орталықтар мен салауатты тағам түрлерінің танымалдығына алып келді. Сонымен қатар, спорттық стильдегі киімдер енді кедейліктің емес, байлықтың символына айналды.
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024