13 Ақпан, 2017

Австрияда әлемдегі алғашқы биткоин-банк ашылды

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аустрия астанасында әлемдегі алғашқы биткоин-банкін ашты. Бұл туралы 7kun.kz сайты хабарлайды.
Басылымның жазуынша, банк клиенттері қолма-қол ақшаларын (тек еуро) биткоиндерге алмастырып, цифрлық валюта туралы ақпарат ала алады.
Алғашқы биткоин-банкті жергілікті BitTrust блокчейн-стартапы жасап шыққан. BitTrust-тың басқарушы директоры Магдалена Исбраднт цифрлық валютаның артықшылықтарын «бұл валюта арқылы келіссөз жылдам әрі делдалсыз болады» деп түсіндірді. Биткоиндерді алу үшін қолданушы криптовалюта жинақталатын виртуалды пошта секілді 27-34 символдан тұратын арнаулы мекен-жайы болу керек. Биткоин-мекенжай ешқайда тіркелмегендіктен, барлық ақша аударымдарының процесі анонимді болады. Басылымның хабарлауынша, биткоин банкомат Венада осыдан 3 жыл бұрын ашылған. Ал қазір елде жиырмадан астам ұйым төлемді вирталды валютада қабылдайды.
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024