13 Ақпан, 2017

Қызылордадағы "Астана" мөлтек ауданында 5 тұрғын үй пайдалануға берілді

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сенбі күні, 11 ақпанда, Қызылордадағы «Астана» шағын ауданында 300 пәтерлік 5 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тұрғындарды көптен күткен қоныс тойларымен құттықтады. - Облыста тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл – біздің басты жетістігіміз. Соңғы 3 жылда облыста құрылыс 3,5 есеге, Қызылорда қаласында 8 есе өсті. Бүгінгі күнге дейін «Астана» шағын ауданында көпқабатты 17 тұрғын үй салынса, осы жылы 16 үй бой көтереді,- деді аймақ басшысы. Естеріңізге сала кетейік, «Астана» шағын ауданындағы үйлердің құрылысы  «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында жүргізілуде. 2015 жылы - 7, өткен жылдың мамыр айында 5 үй пайдалануға берілді.