13 Ақпан, 2017

Түркияда 16 сәуірде жалпыұлттық референдум өтеді

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Түркияда 16 сәуірде Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде жалпыұлттық референдум өтетін болды. Бұл туралы осы елдің Орталық сайлау комитетінің басшысы Сади Гювен мәлімдеді, деп хабарлайды 24Хабар. Оның айтуынша, шараға дайындық пен үгіт-насихат науқанына 60 күн беріледі. Ал сәуірдегі референдумда түрік халқы мемлекеттің парламенттік жүйеден президенттік басқару жолына өту мәселесін шешетін болады. Заң жобасын «Әділдік және даму партиясы» ұсынған болатын. Ел парламенті оны біраз талқылаудан кейін өткен қаңтардың 21-і күні қолдап, қабылдаған. «Жобаны жақтаушылар бұл өзгерістер мемлекетті басқару жүйесін жеңілдетеді», - дейді. Алайда оппозициялық партиялар Конституцияға өзгеріс енгізіліп, президенттік жүйеге көшсе, елдегі билік бір адамның қолына шоғырланады деп наразылық танытып отыр.