13 Ақпан, 2017

Мұнай арзандаса да теңге нығайып жатыр

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 09:30 да Лондон қор биржасында Брент маркалы мұнай құны барреліне 0,053 пайыз арзандап, 56,67 долларға түсті. Өткен апта соңы тұрақталған қара алтын құны жұма күні түстен кейін 56,80 долларға дейін қымбаттап, қайта түскен еді. Ал бүгін KASE-нің таңғы сессиясында теңгенің долларға шаққандағы құны 321,66-ға теңесті. Мұнайдың арзандауына қарамастан теңгенің бұлайша нығаюы доллардың өзіндік құнының арзандауына байланысты болуы ықтимал.