15 Наурыз, 2017

Сенімді ақтау парыз

288 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше жұмыс сапарымен Ақмола облысында болды. Елбасы облыс ак­тивімен өңірдің әлеу­меттік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Елбасы кездесуге қатысушы­ларға жергілікті мәс­лихаттың кезектен тыс сес­сиясында кан­­ди­датурасы мақұл­данған об­лыс­тың жаңа әкімі Мәлік Мыр­залинді таныстырды. Қазақстан Президенті облыс активіне арнаған сөзінде бірқатар көрсеткіштер бойынша, атап айтқанда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, инвестициялар тарту көлемі, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы жөнінен өңір экономикасы дами түскенін айтты. – Ауқымды үш дағдарысты бастан өткерсек те, еліміздегі тұрақтылықты сақтап қалдық және әрі қарай дамып келеміз. Экономикалық қиындықтарды еңсеруге мүмкіндік беретін ұлт­тық қор жинақтай алдық. Енді алдымызда әлемнің дамы­ған 30 елінің қатарына қосы­лу мақсатына қол жеткізу үшін «Қазақстанның Үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қабі­леттілік» атты Жолдауды іске асыру аясындағы жаңа міндеттер тұр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы әлемнің жаңа нақты ахуалы жағдайында технологиялар қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, Жолдауда көр­сетілген міндеттерді іске асыру үшін жаңа білім мен тәсіл­дерді қолдану қажеттігіне назар аударды. Мемлекет басшысы индус­трияландыру бағдарламаларын жүзеге асырудың, өңір және бү­кіл республика бойынша инфра­құрылымды дамытудың маңыз­дылығына тоқталды. – Таяу жылдары Қазақ­стан­да 7 мың шақырым автомо­биль жолдары салынатын болады. Өңірлердің бар­лығы жо­ғары сапалы магис­тр­аль­дар арқылы байланысады. Олар балаларымыз бен немере­леріміз үшін мәңгілікке қалады. Сондай-ақ, әуежайлар қал­пына келтірілуде. Каспийде 2 теңіз порты салынуда. Еліміз­де жүзеге асырылып жатқан бар­лық бағдарламалар жаңа­ша тәсілдерді қолдануды қажет етеді, – деді Қазақстан Прези­денті. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев М.Мырзалинге облыс­­тың ауыл шаруашылығы сек­­торын одан әрі дамытуға қатыс­­ты бірқатар міндет жүк­теді. Атап айтқанда, Мем­лекет басшы­сы ауыл шаруа­шы­­лығы коопера­тивін құру, ғылы­ми әлеует­ті пайдалану арқы­­лы өнімді­лікті арттырып, ауыл шаруа­шы­лығына шағын несие бөлу, ша­ғын және орта биз­несті жан­дандыру арқылы агро­өнер­­кәсіп кешенін дамыту­дың маңыз­ды­лы­ғын айтты. Елбасы алдағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында пайдаланылатын облыстың туристік әлеуетін ерекше атап өтті. Соңында Қазақстан Пре­зи­денті қатысушыларға биыл ас­тықтың мол болуын тілеп, көк­темгі егіс жұмыстарында та­быс­қа жетулеріне ниеттестік біл­дірді. Ақмола облысы Астана қала­сына жақын жатқандықтан, әрі елорданың азық-түлік белдеуін қам­тамасыз етіп отырған стра­те­гиялық маңызды өңір бол­ғандықтан Елбасы әкім етіп әб­ден ысылған маманды тағай­ын­дап отыр деп ой түюге негіз бар. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» Ақмола облысы Сурет Президенттің баспасөз қызметінен алынды