15 Наурыз, 2017

Қарағанды облысында жедел жәрдемнің жаңа модулі енгізіледі

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қарағанды облысында жедел жәрдемнің бірыңғай диспетчерлік қызметі жобасы қолға алынды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев мәлім етті. Ведомство басшысы электронды денсаулық сақтауды дамытудың қадамдарына тоқталды. – 2017 жылдың қаңтарынан бас­тап облыстық ауруханаларда «Ста­ционар» денсаулық сақтаудың ке­шенді медициналық ақпараттық жүйе­сінің жаңа модулі енгізілуде. Жоба желтоқсанға қарай аяқталады. Осылайша, барлық медициналық ұйымдар бірыңғай ақпараттық алаң­да жұмыс істейді, бұл электронды ден­саулық сақтау төлқұжатын сәтті енгізу мен міндетті әлеуметтік меди­циналық сақтандыру жағдайында жұмыс істеуге көшу үшін негіз болады. Келесі қадам жедел жәрдемнің бірыңғай диспетчерлік қызметін құру болады, – деді Е.Нұрлыбаев. Яғни, барлық шақырулар бірыңғай ақпараттық жүйеге енгізіледі. Же­дел жәрдем машиналары GPS-нави­гаторлармен жабдықталады. Бюд­жеттен 36 реаномобиль сатып алуға 1,2 млрд теңге бөлінбек. Сонымен қатар Е.Нұрлыбаев Қара­ғандыда жедел жәрдемнің жаңа үш шағын стансасын салу туралы шешім қабылданғанын жеткізді. 2017 жылы жобалау-сметалық құжаттар әзірлеуге қаржы бөлініп, құрылысты 2018 жылы бастау көзделген. «Екі шағын стансаның бірі Май­құдық аумағында, екіншісі Сұрыптау кентіне орналасады. Аталған жобаны жүзеге асыру шұғыл көмекті жақсар­туға мүмкіндік береді, деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқар­масының басшысы. Мирас АСАН, «Егемен Қазақстан» ҚАРАҒАНДЫ