15 Наурыз, 2017

Ықпалдастық райындағы сапар

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың басшылығымен қазақ­стан­дық делегация Израиль мемлекетінде болып қайтты. Делегация құрамында министр Б.Атамқұлов бастаған Қор­ғаныс және аэроғарыш сон­дай-ақ Қорғаныс министр­лік­­­терінің, т.б. ұйым­­дардың өкіл­дері болды. Сапар барысында Қаржы ми­нистрі Бақыт Сұлтанов Израиль Қаржы министрі Моше Ках­лон­мен, Израиль Сыр­тқы істер ми­­ни­стр­лігінің бас­шы­лы­ғымен кез­десті. Қазақстан-Израиль бірлескен комиссиясы Қазақстанға ин­вес­­ти­­ция­ларды тарту және біз­дің мемле­кеттерде бизнес жүр­гі­зу шарттарын жасау үшін құ­рал­дардың бірі болып та­бы­­лады. Осыған байла­ныс­ты, Б.Сұлтанов бірлескен ко­мис­сия­ның теңтөрағасы ретінде биз­­­нес қауымының өкілдерімен кез­­десті. Сонымен қатар, Қазақстан­ның Қаржы министрлігінің өкіл­де­рімен Израиль үкіметінде Меркава жоба­сын іске асыру мы­салында жал­пы сервистің мем­лекеттік орта­лығын құ­ру, бюджеттік жоспарлау про­­­­цестерін, мемлекеттік ак­тив­терді, мемлекеттік сатып алу­­­ды басқаруды автоматтанды­ру тәжірибесі қарастырылды. Бұдан басқа, ақпараттық-комму­никациялық салада сарапшылар деңгейінде «Цифр­лы Қазақстан» және «Цифрлы Израиль» мемлекеттік бағ­дар­ламалар шең­бе­рінде ынты­мақ­­тастықта қол жет­кізілді. Аг­ро­­­­тех­­­нологиялар са­ла­сында Ау­ыл шаруашылығы министр­лі­­­­г­і­нің сарапшылары техноло­гия­­­­лар трансферті аясында жә­не бірлескен кәсіпорындар құ­ру бой­­ынша қазақстандық жә­не из­раильдік аграрийлердің ор­тақ ынтымақтастығы үшін мүм­кін­діктер қарастырылды. Ден­сау­лық сақтау саласында Қазақстан­ның Денсаулық сақтау министрлігі са­рап­шы­ларының біліктілігін кө­те­ру, Қазақстанда из­раильдік са­­рап­шылардың ше­бер­лік-са­бақ­тарын өткізу, қа­зақ­стан­дық уни­­верситеттік клиникаларды израиль­дік ком­паниялардың басқаруына беру мәселелері талқыланды, деп ха­барлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.