15 Наурыз, 2017

Мысырлық әріптесімен кездесті

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Анатолий Смолин Мысыр Араб Республикасы Жоғары Конституциялық Сотының төрағасы Әбдел Вахаб Әбдел Разек­пен кездесті. А.Смолин осы кездесудің екі мемлекет арасындағы ынты­мақ­­тас­тықты одан әрі нығайту үшін маңыздылығын атап өтіп, Жоғары Сот Кеңесінің қызметі туралы, елде жүріп жатқан судьялар корпусын қалыптастыру, су­дьяларды іріктеу тетігін же­тіл­діру жөніндегі ре­формалар туралы айтып, қонақтардың сұрақтарына жауап берді. Әбдел Вахаб Әбдел Разек өз кезегінде өткен әңгіменің маз­мұнды болуын атап өтіп, риза­шы­лығын білдірді. Кездесу соңында тарап­- тар ал­дағы уақытта терең ынты­мақ­тастық жұмыстарының жүр­гі­зілетініне сенімдерін біл- дірді. «Егемен-ақпарат»