17 Наурыз, 2017

Қостанайда «Көктем-2017» республикалық дайындық жаттығулары өтті

174 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Биыл су тасқынына қарсы «Көк­тем-2017» республикалық ко­ман­да­лық-штаб­тық оқу-жат­ты­ғуы Қос­та­найда өт­ті. Нау­рыз-сәуір айларында күн­нің кү­рт жылынуына орай еріген қар­дан өзен-көлдерде су тасып, оған жақын ор­наласқан елді мекендерге, мемлекеттік ма­ңызы бар нысандарға, жолдарға қауі­п төндіруі мүмкін. Сондықтан, оқу-жат­ты­ғу жұмыстары төтенше жағдай туған күн­де тығырықтан шығуға, құтқару жұ­мыстарына азаматтық қорғаныс жүйесі мен жергілікті атқару органдарын жұ­мыл­ды­руды көздейді. «Көктем-2017» респуб­ли­ка­лық ко­ман­далық-штабтық оқу-жаттығу аясында Ішкі іс­тер министрінің орынба­сары Юрий Ильин келіп, Қостанай облысының әкі­мі Архимед Мұхамбетовпен кездесті. Кез­десу барысында өңірдің көктемгі су тасқынына дайындық мәсе­ле­лері тал­қы­лан­д­ы. Олар Тө­те­н­ше жағдайлар депар­та­ме­нті­нің құт­қару бөлімшелерін аралады. Об­лыста бұл шараға 201 адам, 75 техника қа­тысты. «Көктем-2017» респуб­ли­ка­лық коман­да­лық-штабтық оқу-жаттығудың екінші кү­ні облыста бірнеше жерде жат­тығу шаралары өткізілді. Дайын­дық шарасы шеңберінде су та­с­қыны кезінде болып қалуы ықтимал оқиғалардың алдын алу немесе құтқару тәсілдері жүзеге асырылды. Солтүстік аумақтық аэромобильді жедел құтқару отряды Тобыл өзенінде мұз астына кеткен адамдарды құтқарудың, машинаны шы­ғарып алудың төрт көрінісін көрсетті. Құтқарушылар мұз жа­ру, су тасқынынан зардап шек­кен­дерге көмек, құтқару ке­­зіндегі арнайы техникаларды пай­далануды жұрт назарына ұсынды. Қостанай қаласындағы шағын тұрғын аудандарда бұрынғы жылдарғы көктемгі су тасқынында қа­лып­тасқан қиындықтарды назарға ала отырып, қарғын судың бетін бұру жұ­мыс­тары көрсетілді. Қостанай-2 шағын ау­данында құтқарушылар 45 тұрғын үй мен мектепті қарғын судың тұтқынынан аман сақтап қалды. Мұндай оқу-жаттығу шаралары Қостанай қаласының Друж­ба по­селкесінде де өт­кі­зілді. Республикалық ша­ра­ға Қостанай жылу-энер­ге­ти­ка­лық және «Қостанай-Су» мем­лекеттік комму­нал­дық қуатты кәсіпорындары да тартылды. Кәсіпорындардағы арнайы тех­ни­ка­лар­­мен қарғын су сорып алынып, басқа ар­наға төгілді Облыстың солтүстік жағын­да­ғы Ұзынкөл ауданында қар­дың қалыңдығы 43 сантиметрге жетеді. Сонымен қатар, осыған ұқсас көрініс Қарабалық, Қостанай, Науырзым, Қарасу жә­не Әулиекөл аудандарында да байқалады. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы подполковник Руслан Орынбековтің айтуынша, өңірде қар­ғын суда қалуы мүмкін 59 елді мекен бақылауға алынған. Облыста қазір көктемгі су тасқынына қарсы қимыл үшін 829 техника, 129 жүзу құралдары, 263 су сорғыш техника, 26700 ыдыс-қап, 10 мың тоннадан астам инертті материалдар, 97 тонна жанар-жағармай дайын. Су таси қалғанда екі мыңнан астам адам құтқару жұмыстарына тартылатын болады. «Көктем-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шаралары осы дайындықты пысықтай түсті. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазастан» ҚОСТАНАЙ