17 Наурыз, 2017

Елизавета II "Брекситті" бастауға рұқсат берді

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ұлыбритания Патшайымы Елизавета II ел Үкіметінің басшысы Тереза Мэйге Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу әрекеттерін бастай беруге рұқсат берді, деп жазады Reuters. Басылымының хабарлауынша, енді Тереза Мэй кез келген уақытта одақтан шығу туралы келіссөздерді бастай алады. Алдын ала болжам бойынша, одақтан шығу туралы келіссөздер наурыздың соңында басталмақ. Айта кетейік, 2017 жылдың күзінде Ұлыбритания парламенті арнайы антиинтеграциялық заң қабылдап, 2018 жылдың қазан айында келіссөздер аяқталады деп күтілуде. Ал одан кейін Еуропарламент пен Еуропа кеңесі осы мәселені қарап, дауысқа салмақ.