17 Наурыз, 2017

Оралда 41 апатты тұрғын үй сүріледі

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда алдағы үш жылда апатты деп танылған 41 тұрғын үй бұзылады, деп хабарлайды 24.kz. Тозығы жеткен 5 үйдің орнына қазір құрылыс жұмысы басталып кетті. Жыл соңына дейін тағы 5 үй бұзылады. Олардың орнына жекеменшік-мемлекеттік серіктестігі бағдарламасы аясында көпқабатты үйлер бой көтереді. Ескі үйдің тұрғындарына жаңа нысаннан пәтер беру көзделген.

Биыл апатты жағдайда тұрған білім ошақтарының мәселесі де толық шешілуі тиіс. Қазір қаладағы 1961 жылы салынған 300 орынды көне мектеп сүріліп жатыр. Бұл нысанның құны 1 млрд теңгеге жуықтайды. Қаржы республикалық бюджеттен бөлінген. Мердігер кәсіпорын құрылысты осы жылдың желтоқсан айында аяқтауды жоспарлап отыр.