19 Қаңтар, 2010

Әкім есеп берді. Ел не деді?

1606 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін
ЖЫЛДАҒЫ ДӘСТҮР БОЙЫНША АУЫЛ ОКРУГТАРЫНЫҢ ӘКІМДЕРІ ЕСЕП БЕРУДЕ ТҮТІНІҢ ТҮЗУ ШЫҚСЫН, АТАМЕКЕН! Әкім ауылдастарына Елбасы­мыз­дың әлеуметтік-саяси бағыт­та­ғы жаңа бастамаларын, көмек-қолдаудың арта түскенін жүйелеп түсіндіріп, Қазақстанның Еуропа­да­ғы қауіпсіздік және ынтымақ­тас­тық ұйымына төрағалық қыз­метінің маңызынан мағлұмат берді. КЕЛЕШЕКТЕН ҮМІТ ЗОР Қамыстыбас ауылы, Санияз ауылы, №92 Сорбеткей темір жол бекеттері қарайды. Осы елді мекендерде 371 қожалықты қамтыған 2036 адам тұрады. ТҮТІНІҢ ТҮЗУ ШЫҚСЫН, АТАМЕКЕН! Жасыл ауылындағы есепті жи­на­лыс әне-міне басталар тұста Ата­мекен ауылдық округінің әкімі Дауылбай Қапезов бізді зәулім мешіттің жанындағы еңселі үйге бастап жүрді. Төсегінен шайқала көтерілген қария баршамызды қуа­на қарсы алып, келініне “шай қам­да” деп жатыр. Жасы 96-ға қараған Ұлы Отан соғысының ардагері Қайдар Сатыбалдинов ешкімнің сүйемелдеуінсіз төрге озып, “Елге тыныштық, патшаға таупық бер­сін” деп ақ тілек батасын айтты. Көп рахмет, деп біздің де көңіліміз өсіп қалды. Қайдар атамыз айт­қан­дай, “ауылдың отымен кіріп, күлі­мен шығып жүрген” әкімге де ри­за­мыз. Мұны Ұлы Отан соғысын­да­ғы Жеңістің 65 жылдығы қарса­ңын­дағы “Ардагерлерді ардақ­тайық” акциясының шеңберімен шек­теуге болмайды, бұл – қазақы ауылдың кәдіулгі қымбат дәстүрі. Бұдан бұрын әкім Жарқайың, Жаңа жол, Қаражар, Шиелі ауыл­дары тұрғындарының алдында есеп берген екен. Дауылбай Қалымұлы­ның Жасыл ауылында да жарқырай сөйлеп, жақсы ойлар өрбітуінен-ақ кездесулердің көңілдегідей өткенін байқадық. Тұрғындардың осы жолы да белсенділік танытып, жан­ашыр­лық тұрғыдағы ой өрбітуінен бас­қо­судың бәтуалы байламы бола­тынын аңғардық. Әкім ауылдастарына Елбасы­мыз­дың әлеуметтік-саяси бағыт­та­ғы жаңа бастамаларын, көмек-қолдаудың арта түскенін жүйелеп түсіндіріп, Қазақстанның Еуропа­да­ғы қауіпсіздік және ынтымақ­тас­тық ұйымына төрағалық қыз­метінің маңызынан мағлұмат берді. Бұл қазақ жұртында бұрын-соңды болмаған тарихи самғау, деді ол. Қазақстанның әлемдік абыройын асқақтата түсуге Атамекен ауылдық округі, оның ішінде Жасыл елі барынша үлес қосуы тиіс. Ол үшін ауылдарымыздың түтіні түзу шы­ғып, бесігі бүтін тұруы керек. Есеп­ті кезеңдегі жұмысымыз осылай түйіндеуге негіз қалайды. Округ аумағында “Атамекен” ауыл шаруашылығы кәсіпорны, “Айдос” ЖШС, “Жасыл” астық қа­был­дау кәсіпорны және 51 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Диқан қауымы 12788 гектарға береке дәнін сеуіп, әр айналымнан 15,1 цент­нерден ырыздық дәнін жинады. Әдетте, үнемі артта қалады деген пікір қалыптасқан шаруа қожалықтары қарқын танытып, түсімділікті 18,8 центнерге жеткізу арқылы қалыс пікірді қақыратып тастаған. Мұны ел іші мемлекет тара­пынан жасалып жатқан қол­дау­дың, технологиялық соны өзгеріс­тердің жемісі десек боларлықтай. Мал шаруашылығы негізінен жеке­меншіктің үлесіне шоғырлан­ға­ны­мен, ірі кәсіпорындар да қуаттанып келеді. “Атамекен” мен “Айдос” қолда бар мал басын көбейтумен қатар, болашағы мол бизнес жобаларын ұсынып отыр. Жиналыста мінберге көтерілген еңбек ардагері Жәмеш Сауытов (бұл ағамыздың жазушылығы бар, үш кітап жариялаған), жеке кәсіп­кер Қазыбек Тәшенов, көп балалы ана Сәуле Байсақалова, Марал Айтжанова әкімдіктің ел тіршілігін үйлестірудегі еңбегіне қанағат­та­нар­­лық баға берді. Жасыл ауы­лын­дағы медициналық бекет күрделі жөндеуден өткізілген ғимаратқа қоныстанып, автоматты телефон стан­сасы жұмыс істей бастаған. Бұл іске “Жасыл” АҚК (Бауыржан Сәрсенбаев) мен “Көкшетау жол­дары” ЖШС (Естай Қасенов) қаржылай және материалдық көмек көрсеткен. Аймақта жоқ еңселі ме­шіттің кіріс-шығыстары да аталған кәсіпорындардың мойнында екен. Сондай-ақ, қазір Астана қаласында тұра­тын ауыл тумасы Қанат Беке­баевтың демеушілік жасап тұра­тынына “бәрекелді” айтылды. Ауылдарда 42 шілдехана тойы өткізілгені (былтыр 32) болаша­ғы­мыздың бекемдігін бағамдайды. Осы ретте емхананың бас дәрігері Шаймұрат Жоладиновтің сөз алып, ел ішіндегі жағдайға жан-жақты шолу жасағанын, Қазақстандағы медициналық қызметті рефор­ма­лаудың жаңа үрдісіне байыпты тү­сінік бергенін құптарлық санадық. Өткен жылғы есепті жиналыста 9 өтініш-тілек тіркелген. Соның алтауы тиісті шешімін тауыпты. Жа­сыл ауылының басты түйткілі ауыз судың тапшылығы, монша­ның жоқтығы, мүлікті жария ету­дегі шенеуніктік кедергілер болып тұр. Әкім бірінші мәселе бойынша “Көкшетау жолдары” ЖШС су жүйесін қайта салудың өндірістік-жоба құжаттамасын дайындауға 1 200 мың теңге қаржы бөлгенін мәлімдеп, ауыл тұрғындары арасы­нан астық қабылдау кәсіпорнының бұрынғы моншасын жалға алатын азаматтың табылмай тұрғанын айтты. Ал, жекешелендіру мәселесі бойынша Бурабай аудандық мәс­ли­хатының хатшысы Галина Мар­ченко аудан әкімдігінің алдына ар­найы мәселе қоятындығына сендірді. Жиналыстың соңына қарай хат тасушы Бақыт Әлімжанова өзекті мәселенің бірін көтерді. Ауылдарда бұралқы иттер көбейіп кеткен. Әкім бұған тиісті қаржы бөлініп, былтыр 80 иттің атылғанын, жұмыс биыл да жалғасатынын мәлімдеді. Есепті жиналысқа облыс әкім­дігі­нің жауапты қызметкері Серік Смағұлов қатысып, белгіленген кесте бойынша ауылдық округ әкім­дерінің 414 кездесуі жоғары деңгейде аяқталғанын хабарлады. Бақберген АМАЛБЕК, Ақмола облысы,    Бурабай ауданы. КЕЛЕШЕКТЕН ҮМІТ ЗОР Сыр аймағында ауылдық округ әкімдерінің ел алдында есеп беруі бастау алды. “Әкім есеп берді, ел не деді екен?” деген сауалды сара­лау мақсатында Арал ауданына қа­расты Қамыстыбас ауылдық окру­гіне атбасын бұрғанбыз. “Ел құлағы – елу” дегендей, ауыл әкімінің тұрғындар алдында есеп беру жиынына облыс әкімі Бо­латбек Қуандықов пен аудан әкі­мі Нәжмедин Мұсабаев, облыстық сан түрлі сала басшыларының қа­тысатынын естіген жұртшылық көп жиналыпты. Қамыстыбас ауылдық округінің әкімі Н.Ділмағанбетовтің сөзіне қарағанда, ауыл тұрғындарының әлеу­меттік-экономикалық хал-ахуалын жақсартуда ауқымды істер ат­қарылған. Бұл ауылдық округке Қамыстыбас ауылы, Санияз ауылы, №92 Сорбеткей темір жол бекеттері қарайды. Осы елді мекендерде 371 қожалықты қамтыған 2036 адам тұрады. Ауылдық округ тұрғындарының тіршілік көздері – төрт түлік мал өсі­ру. Бүгінде бұл ауылдағы мал саны: мүйізді ірі қара – 1410, жыл­қы – 120, түйе – 190, қой-ешкі 1936 басқа жетіп отыр. Өз төлдері есе­бінен мал басы жыл сайын кө­бей­іп, халықтың тұрмыс-тіршілік­тері жақсаруына өз септігін тигізіп келеді. Десе де, мал басының өсуі­не байланысты мал азығын дай­ын­дайтын жер көлемі жетімсіз. Сон­дық­тан да ауыл тұрғындары жер­гі­лікті биліктен Қамыстыбас ауылы­на жақын қоныс тепкен “Жаркөл”, болмаса “Мастат” шабындық алқа­бынан жер бөлуге сұраныс жасау­мен жүр. Сорбеткей тұрғындарын көптен бері алаңдатып жүрген ауыз су мә­селесіне өткен жылы 6 млн. теңге қаржы бөлініп, жаңа су жүйесі тар­тылған. Ал, Қамыстыбас су айдау стансасына аудандық бюджеттен 15 млн. теңге бөлініп, су көтеру мұнарасы мен су қоймасы күрделі жөндеуден өткізілсе, 2 шақырым жаңа су құбыры тартылған. Ауыл әкімінің айтуынша, Қамыстыбас ауылы ішіндегі су жүйелерінің то­зығы жеткен. Алдағы уақытта осы су жүйелері жаңартылса, ауыз су мәселесі түпкілікті шешімін таппақ. “Жол картасы” бағдарламасына сәйкес ауыл халқын талай жылдар бойы толғандырып жүрген темір жол өткелі қайтадан орнына әке­лініп, “Самара-Ташкент” автокөлік жолынан бастау алатын ауылға кіре беріс жол асфальттанып, жаңартыл­ған. Осы бір игілікті істер үшін тұр­ғындар облыс әкіміне алғыс сезім­дерін жеткізді. Айтқандай, “Жол кар­тасы” бағдарламасына байла­ныс­ты 27 адам маусымдық жұ­мысқа тартылып, сәл де болса тыныс-тіршіліктерін түзеп алған. – Ауыл аймағы да жыл өткен сайын көркейіп келеді, – деді ауыл­дық округ әкімі Н.Ділмаған­бетов. – Ауыл келбетін көтеру мақ­сатында ауылдың кіреберіс қақ­пасы жаңартылып, 2 панно ор­на­тылды. Күл-қоқыстарды тастайтын арнайы орын белгіленіп, көгалдан­ды­руға байланысты 1500 дана сек­сеуіл ағашы егілді. Өткен жылы ауыл­ды абаттандыру жұмыстарына 1 млн. теңге қаржы бөлініп, то­лықтай, яғни 100 пайыз игерілді. Ауылдық округке қарасты білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, байланыс салаларында да серпіліс бар сыңайлы. Бүгінгі таңда ауылдық округтегі бір орта, бір бас­тауыш мектепте 478 оқушы саналы тәрбие, сапалы білім алуда. Өткен жылы орта мектепті тәмамдаған 22 оқушының 17-сі ҰБТ-ға қатысып, қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш 73,2 пайыз болған. Бір оқушы алтын белгі иегері атанса, үшеуі жоғары оқу орнына, төртеуі арнаулы орта оқу орындарына мемлекеттік грантпен түскен. Тағы бір жағымды жаңалық, Қа­мыстыбас ауылына СДМА-450 АТС мұнарасы орнатылып, орта­лық­тан 50 шақырым қашықтықта орналасқан бірнеше елді мекенді телефон байланысымен қамтитын болған. Сондай-ақ, Сорбеткей мен Санияз ауылдарына бір-бірден телефон нүктесі орнатылып, бай­ланыс үздіксіз жұмыс жасауда. Өткен жылы ауылда тұратын мүгедектерді, аз қамтамасыз етілген отбасыларын, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қолдау бағы­тында да ауқымды істер атқарыл­ған. Саралап айтар болсақ, 34 отба­сына 1 млн. 700 мың, 325 балаға 4,92 млн. теңге жәрдемақы та­ғайын­далған. Сондай-ақ, тұрмысы төмен отбасыларының 30 баласы “Ұландар” лагерінде ақысыз демалған. Ауылдық округте жұмыссыздар­ды жұмысқа тартуда да оң өзге­рістер бар екен. Яғни, 12 адам қо­ғам­дық жұмысқа тартылса, 6 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Төрт жас маман алты ай келісім-шарт­пен жұмыс істепті. Десек те, ауылдық округте көп көкейін толғандырып жүрген тол­ғақты мәселелер де жетерлік көрі­неді. Осы жайында ауыл тұрғын­да­ры атынан сөз алған зейнеткер Ә.Оралбаев: – Ауыл клубы құлау алдында тұр. Ауыл тұрғындарының демалыс орындары жоқтың қасы. Содан да ауыл клубын жаңартуды, болмаса күрделі жөндеуден өткізуді сұрай­мын, – десе, С.Садақбаев: – Өздеріңізге мәлім, Қамысты­бас стансасы көптеген елді мекен тұр­ғындарына қызмет етеді. Өкі­ніштісі сол, осы станса ғимараты жекешеленіп кеткен, содан да жолаушылар қақаған қыс пен аптап ыстықта отыратын жер таппай жүр. Бұл – бір. Екіншіден, бұрын бар билет кассасы қазір жоқ, дегенді ашық мәлімдеді. Осы есепті жиында Ж.Әбілдаев, Т.Сарыбаев, тағы басқалар өз ұсы­ныс-тілектерін айтып, жергілікті би­ліктен көмек қолдарын созуды сұрады. Егер саралап айтар болсақ, шабындық жердің мардымсыздығы, клуб пен аурухана үйінің құлау қау­пін­де тұрғандығы, балабақша жоқ­тығы, Қамбаш көлі суының азайып бара жатқандығы, ішкі су жүйе­ле­рі­нің тозығы жеткендігі көпшілік көкейінде жазылумен келеді. Жергілікті тұрғындардың бұл сауалдарына аймақ басшысы мен облыстың сан алуан сала басшы­ла­ры тұщымды жауап берді. Ауыл тұр­ғындары билік басын­да­ғы­лар­дың уәделерінен үміттеніп қайтты. Еркін ӘБІЛ, Қызылорда облысы, Арал ауданы.