14 Қыркүйек, 2011

Ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдар

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ) Парламентаралық Ассамблеясының Іс басындағы төрағасы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов ЕурАзЭҚ ПАА-ның жауапты хатшысы Петр Зверевті қабылдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Орал Мұхамеджанов аталған ұйымның Бюро және тұрақты ко­миссиялары отырыстарының күн тәртібі жобаларын қалып­тас­тыру туралы, сондай-ақ Пар­ламент­ара­лық Ассамблея Хат­шы­лығы мен парламентаралық ынтымақ­тас­тықтың қызметін ұйым­дас­ты­ру жөнінде ұсыным­да­рын айтты. Мейман ЕурАзЭҚ ПАА-ның ұйымдастыру-құқықтық жағ­дай­ы туралы мәліметтерді алға тартты.