15 Қыркүйек, 2011

Достық кездесуі өтті

1 мин
оқу үшін
Қазақстан делегациясын еліміз Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы әрі EXPO-2017 Халықаралық мамандан­ды­рыл­ған көрмесін өткізу құқығына Астана қаласының өтінімін жыл­жыту және ілгерілету жобасының ұлттық үйлестірушісі Р.Жошы­баев басқарды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Басқосудың мақсаты үміткер­лер­дің EXPO-2017 көрмесін дай­ындалу барысы жөнінде ақпарат алмасып, пікір алысу, сондай-ақ қатысушы елдердің іс-әрекетін үйлестіру болып табылады. Кездесу барысында қазақ­стан­дық және бельгиялық жақ­тар­дың қатысу пішіні, сонымен қатар, Астана мен Льеж қала­ларының EXPO көрмесін өт­кізу­ге дайындығы айтылды. Ха­лық­аралық мамандандырылған көр­ме ұйымдастыруға үміткерлер ХКБ Бас ассамблеясының 150 және 151 сессияларына қатысу жө­нінен бірнеше мәселені тал­қылады. Басқосуға Қазақстан мен Бель­гиядан өзге EXPO 2020 көр­месін өткізуге үміткер болған Түр­кия (Измир) мен Тайланд (Аютая) өкілдері де қатысты. Мейман­дар­ды ХКБ Бас хатшысы Висенте Гонсалес Лосерталес қабылдады. Қазақстан – Орталық Азия­ның көшбасшысы. Еліміз мұнай, газ, уран сынды энергетикалық қор­ларға бай, бірақ соған қар­амас­тан, біз баламалы энергия көздерін белсенді түрде дамыту үстіндеміз. «Болашақ энергиясы» – заманауи өзекті тақырып­тар­дың бірі. Қазіргі таңда әлемдік қауымдастық баламалы энергия түрлерін іздеп, экономиканың қуат тиімділігін арттыру үстінде. Астана қаласы осы саладағы жа­һандық жаңалықтарды талқы­лау­дың және тәжірибе алмасудың алаңына айналмақ.
Соңғы жаңалықтар

Digital: дәуір дидары

Digital • Бүгін, 08:20

Әр операция – бір тағдыр

Маман • Бүгін, 08:15

Trade-in тұтынушыға тиімді тетік пе?

Сараптама • Бүгін, 08:10

Жасанды интеллект пен «жасыл» энергетика

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:07

Атына заты сай кәсіпорын

Өндіріс • Бүгін, 08:00