15 Қыркүйек, 2011

Жаңа оқу жылы басталды

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Нұр Отан» ХДП Жоғары партия мектебінде жаңа оқу жылы басталды. Мектеп был­тыр ашылған болатын. Осы уа­қыт ішінде бұл жерде 1,5 мыңға жуық партия қызметкері, соның ішінде Орталық аппараттың 30 қыз­мет­кері оқып шықты. Жоға­ры партия мектебінің мате­риал­дық-техни­ка­лық базасы, оқыту әдіс-тәсілдері, оқытушылар құ­рамы қалыптасып үлгерген. Пре­зидент, «Нұр Отан» партия­сы­ның Төрағасы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың партиялық-сая­си оқу желісін нығайту жө­нін­дегі нұс­қаулары бойынша мектеп фи­лиалдары ашылуда. Қазіргі уа­қытта олар Алматы мен Ақ­тө­бе қалаларында ашылып, ойда­ғыдай жұмыс істеуде. Қысқа мерзімде мектеп филиалдарын 300 бас­тауыш партия ұйым­да­ры­ның жетекшілері оқып шық­ты. Қазан айында Семей қала­сында мекте­п­тің шығыс­қазақ­стан­дық бөлімі ашылады. Алғашқы семинар елді әлеу­меттік-саяси жаңғырту жағдай­ын­дағы партия қызметінің ба­сым­­дықтарына арналған. Жаңа оқу циклын «Нұр Отан» пар­тия­сы Төрағасының бірінші орын­ба­сары ашты. Нұрлан Нығма­тулин­нің айтуынша, Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілеп берген индустриялық-инновациялық даму стратегиясы шағын және орта бизнеске қол­дау жасау мен адам капиталының сапасын арттыруды қамтиды. Реформалардың түпкі мақсаты – барша қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру. Биылғы оқу жылында бұл жер­де облыстық, қалалық, аудан­дық партия филиалдарының және еліміздің барлық аймақ­тары­ның бастауыш партия ұй­ым­дары жетекшілері оқитын бола­ды. Оқу орнының басты мақсаты партия­лық-саяси элитаны қа­лып­тас­тыру болып табылады. Қо­ғам­да болып жатқан оқиғаларға дер кезінде жауап бере алатын, жауапкершілік се­зімі жоғары, мемлекеттік сая­сат­ты жүргізетін ма­ман­­дардың аса қажет екені даусыз.