Күләш Байсейітоваға ескерткіш қойылды
Қазақ операсының бұлбұлы, классикалық ән өнерінің жарық жұлдызы Күләш Байсейітоваға Алматы қаласындағы өз атындағы музыка мектеп-интернатының алдына ескерткіш қойылды. Ел тәуелсіздігінің жиырма жылдығына, К.Байсейітованың 100 жылдығына орайластырылған шараға өнер қайраткерлері мен ресми қонақтар қатысты.
Мүсінші Тілеуберді Бинашев сомдаған Күләш ескерткіші өмірін өнерге арнаған қазақ әйелінің кейпін әдемі жеткізіп тұр. Тағдыры күрделі әншінің көрген марапаты мен тартқан ауыртпалығының ізі де жоқ. Тек қазақтың мақтанышы, дала әуезін әлемдік классикаға қоса білген қайраткер ғана жас талант иелерін рухтандырып тұрғандай.
Ескерткішті К.Байсейітова атындағы мектеп-интернаттың директоры О.Абдуллаев пен қала әкімі А.Есімов салтанатты түрде ашып, гүл шоқтарын қойды. Жиылған көпшілік алдында КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Еңбек Ері Б.Төлегенова, Мәдениет вице-министрі А.Бөрібаев, бұлбұл әншінің туыстары Қ.Қанабекқызы, Қазақстанның халық әртісі Б.Жаманбаев, сондай-ақ әншінің замандастары сөз сөйлеп, естеліктер айтты. Аталмыш мектептің симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен опера әншісі Б.Еңкебаева кешегі Күләш апасы салған әндерді құйқылжыта орындады.
Кеш соңында мектеп-интернаттың директоры О.Абдуллаев ескерткіштің тұрғызылуына қолдау көрсеткен «№1 құрылыс компаниясының» бас директоры С.Ұстабековке, «Құбыла» құрылыс компаниясының президенті Ө.Қадыровқа және ескерткіш авторы, мүсінші Т.Бинашевке алғыс айтты.
Қанат ЕСКЕНДІР.
Алматы.
------------------------------------------
Суреттерді түсірген Берсінбек СӘРСЕНОВ.

Өңірлерде инфляция баяулағанымен, азық-түлікке жатпайтын тауарлар қымбаттай түсті
Экономика • Бүгін, 17:42
Онлайн-курстар сататын блогерлерге сертификаттау талабы қойылуы мүмкін
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 17:21
Алматыда жер сілкінісінен кейін арнайы учаскелер тексерілді
Аймақтар • Бүгін, 17:12
Атырауда төрт мыңнан астам адам көлік салығын төлемеген
Аймақтар • Бүгін, 16:58
«Turan Standard Pool» платформасы шаруаның жүгін қалай жеңілдетеді?
Форум • Бүгін, 16:44
Шымкентте газ құбырынан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:35
Ақтауда мерзімді әскери қызметші қаза тапты
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:24
Мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 16:15
Су тасқыны қаупі: Қостанай облысының әкімі шұғыл тапсырма берді
Аймақтар • Бүгін, 16:14
Тері өңдеу зауыттарына 10 млрд теңгеге жуық инвестиция салынады
Шаруашылық • Бүгін, 16:12
Атырауда жүздеген адамның қызылша жұқтырғаны хабарланды
Аймақтар • Бүгін, 16:02
Автокөлік нөмірін полицей алып кетсе не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 15:52
Ұлттық банк ескертеді: Төлем картасын бұғаттау арқылы жасалатын алаяқтық көбейді
Оқиға • Бүгін, 15:40
«Жұп-тақ күндер» режимі: Кей қалаларда көлік қозғалысы шектелуі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:30
Оқиға • Бүгін, 15:22