17 Қыркүйек, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №769

320 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2011 жылғы 3 шілде,  Астана, Үкімет үйі

Қазақстан Республикасының аумағына жылыжай, полиэтилен және алюминий фольгасын әкелудің кейбір мәселелері туралы

«Мемлекеттік бақылаудың келісілген түрлерін Кеден одағының сыртқы шекарасына ауыстыру жөніндегі жоспарды орындау туралы» Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 19 мамырдағы № 644 шешімін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі 2009 жылғы 9 маусымдағы Тауарлардың сыртқы саудасы саласындағы лицензиялау ережесі туралы келісіммен бекітілген нысан бойынша: 1) жылыжай (КО СЭҚ ТН 9406 00 310 0 және 9406 00 800 9 кодтары) әкелуге осы қаулыға қосымшаға сәйкес олардың мақсатты пайдаланылатынын растайтын қосымша құжаттар ұсынылған жағдайда; 2) полиэтилен (КО СЭҚ ТН 3901 20 900 0 коды) және алюминий фольгасын (КО СЭҚ ТН 7607 11 100 0 және 7607 20 100 0 кодтары) әкелуге – келісімшартта әкелінетін тауардың мақсатты пайдаланылатыны туралы норма болған жағдайда лицензиялар беруді жүзеге асырсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Қазақстан Республикасының аумағына жылыжай (КО СЭҚ ТН 9406 00 310 0 және 9406 00 800 9 кодтары), полиэтилен (КО СЭҚ ТН 3901 20 900 0 коды) және алюминий фольгасы (КО СЭҚ ТН 7607 11 100 0 және 7607 20 100 0 кодтары) импортын белгіленген тәртіппен кедендік декларациялауды және олардан кедендік баж алуды: 1) Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешіміне 5-қосымшаға сәйкес өтпелі кезең ставкалары бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі беретін лицензиялар негізінде; 2) Кеден одағының бірыңғай кедендік тарифінде көрсетілген кедендік әкелу бажының ставкаларсы бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі беретін лицензиясыз жүзеге асырсын. 3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық Комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К.МӘСІМОВ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «3» шілдедегі № 769 қаулысына қосымша

КО СЭҚ ТН 9406 00 310 0, 9406 00 800 9 кодтарымен жіктелетін жылыжай әкелуге лицензия алу үшін өтінім берушілер ұсынатын қосымша құжаттар

1. Қаржылық лизинг шарты негізінде жылыжай әкелуге лицензия алу үшін құжаттар: 1) лизингтік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия; 2) әкелінетін жылыжай жабдықтарына арналған қаржылық лизинг шартының болуы; 3) әкелінетін жылыжай жабдықтарын қолдануға арналған бизнес-жоспарының болуы; 4) жылыжай құрылысына арналған жер учаскесінің бар екендігін растайтын құжаттардың болуы (меншік құқығында немесе жер пайдалану құқығында). 2. Сатып алу-сату шарты негізінде жылыжай әкелуге лицензия алу үшін құжаттар: 1) әкелінетін жылыжай жабдықтарын қолдануға арналған бизнес-жоспарының болуы; 2) жылыжай құрылысына жер учаскесінің бар екендігін растайтын құжаттардың болуы (меншік құқығында немесе жер пайдалану құқығында); 3) әкелінетін жылыжайды мақсатты пайдалану туралы сыртқы экономикалық қызметке қатысушының міндеті.