Алматы қаласындағы «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығында болашақ ұрпақтың рухани дүниесі бай, бақытты және жан-жақты дамып өсуіне арналған «Биік ойлар аспаны» атты «Өзін өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиада өтті.
Олимпиадаға Қазақстанның он төрт облысынан, Астана, Алматы қаласынан (қала мектептерінің құрама, Назарбаев зияткерлік мектептерінің, «Өзін өзі тану» гимназиясының командалары) 101 оқушы қатысты. Аталмыш шараның негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту, тұлғалық қасиеттерін, азаматтық ұстанымын көрсету, өзін өзі жетілдіруге және тануға ұмтылысын қолдау арқылы балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру.
Тәуелсіздік Қазақстанның және ондағы көпұлтты халықтың тарихына түбегейлі өзгерістер әкелді. Осылай, 2010 жылы еліміздің білім беру жүйесіне «Өзін өзі тану» пәні енгізілді. Бұл – білім беру үдерісіндегі үлкен жетістік. Білім беру жүйесі бүгінгі қоғам мен адамға маңызды болып табылатын өз-өзімен және қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүретін тұлғаның дамуына бағытталуы тиіс. Осы орайда, жас ұрпақтың рухани мәдениетін арттырып, көркемдік әлемін байытуда, дүниетанымын қалыптастырып, саламаттылыққа тәрбиелеуде «Өзін өзі тану» пәнінің орны ерекше. Бұл пән жеке тұлғаның өзін өзі тануына және рухани баюына әсер ете отырып, әрбір тұлғаның жақсы жаққа өзгеруіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол жеке тұлға ретінде өзін өзі тануға және өмірлік ұстанымын, дүние танымдық деңгейін анықтайтын құндылықтар сапасына ие болуға бағыт-бағдар береді. «Өзін өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның сөзімен айтсақ: «Жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашатын, қарапайым адамгершілік нормалары болып табылатын жауапкершілікті сезіну, ар-намысты сақтау, махаббат пен жанашырлық таныту, риясыз жақсылық жасай білу негізінде баланың өзіндік тұлғасын қалыптастырып, дамыту – білім беру мен тәрбиелеудің негізгі өзегі болуға тиіс. Біздің басты міндетіміз – аталған құндылықтарды балаларымыз бен жасөспірімдердің басқа тұлғалармен, қоршаған ортасымен, бар әлеммен байланыс жасау қажеттілігіне айналдыру. Міне, осы талаптарға «Өзін өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы жауап береді».
Олимпиада нәтижесі бойынша 25 қатысушы бірінші дәрежелі дипломға, 51 қатысушы екінші дәрежелі дипломға, 25 қатысушы үшінші дәрежелі дипломға ие болды. Әсіресе, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының, Алматыдағы «Өзін өзі тану» гимназиясының оқушылары үздік нәтижелер көрсетті.
Нұргүл ӘРІНОВА,
«Бөбек» орталығының ғылыми қызметкері

Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 18:13
Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58