Күні кеше ғана аяқталған Қазақстан Республикасы судьяларының кезектен тыс VII съезі, сөз жоқ, биылғы жылғы еліміздің айтулы шараларының бірі болып табылады. Мемлекетіміздің табысты дамуының бағдаршамы деп бағаланған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 29-қадамында республика судьяларының кезектен тыс съезін өткізу туралы мәселе қарастырылған еді.
Съездің басты күн тәртібі «Судьялардың жаңа Әдеп кодексін қабылдау» – деп белгіленсе де, съезд барысында отандық сот жүйесінің тәуелсіздік алған жылдар ішінде жеткен жетістіктері және шешілуге тиісті міндеттері мен мақсаттары туралы кең ауқымды мәселелер талқыланды.
Съезд жұмысына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуы және съезде жасаған мазмұны терең, талдауы татымды баяндамасы өткізілген шараның саяси құндылығын айқындап бергендей.
Елімізде жүргізіліп жатқан сот-құқықтық реформалардың жемісті нәтижелері бізді жаңа белестерге бастайды.Мемлекетті басқарудың саяси құралдарының қатарында биліктің дербес саласы – сот билігінің орны мен мәртебесі айрықша екенін Елбасы үнемі атап көрсетіп, оның даму және нығаю бағыттарын айқындауда тың бастамалар көтеріп, олардың орындалу барысын қадағалап отырады.
Соттар қабылдайтын актілер заңдылығының басты көрсеткіші – сот ісіне қатысушы тараптардың құқықтары мен бостандықтарының Ата Заңымызда және соған сәйкес қабылданған басқа заңдарда көрсетілген жолдармен қорғау дәрежесі болып табылады.
Сондықтан, Елбасының «қазіргі уақытта соттар басты құқық қорғаушы институт бола бастады» – деген бағасы сот жүйесінің мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ішіндегі мәртебесі мен орнын даусыз айқындап берді деп санауға лайық. Сот жүйесін оңтайландыру бағытында жүргізіліп жатқан реформалық процестердің табысты болуы еліміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік даму бағыттарына тікелей әсер ететіндігін өмір өзі дәлелдеп отыр.
Ұлт жоспары аясында заң үстемдігін қамтамасыз ету шаралары, соның ішінде сот жүйесінің алдында тұрған міндеттер рет-ретімен, сәтті жүзеге асуда. Ендігі мәселе – мемлекет пен қоғам күтіп отырған құндылығы жоғары үкілі үмітті ақтау. Осы мәртебелі де абыройлы қызметті атқаруда – республика судьяларының қауымдастығына жауапкершілігі жоғары міндеттер жүктеліп отыр. Қазақстан халқының сеніміне ие болу, жұртшылықтың алғысын алу, заң үстемдігін қамтамасыз ету аталған міндеттерді табысты атқарудың бірден-бір жолы болып табылады. Бүгінде халық сотқа сенеді, сот актілерінің заңдылығы мен әділеттілігіне зор үміт артады.
Съезд жұмысының қорытындыларынан алған әсеріміз бізді терең ойландырады, біліміміз бен талабымызға қуат беріп, болашаққа бастайтын жолдарды таңдауға көмегін тигізеді. Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдар аясында қазақстандық сот жүйесінің жеткен табыстары туралы аз айтылып, кем жазылып жатқан жоқ. Біздің отандық сот жүйесі халықаралық қатынастарда айтулы дәрежеге жетіп, алыс-жақын мемлекеттердегі әріптестеріміз мойындаған беделге ие болды. Ал алдымызда шешілуін күтіп тұрған міндеттердің ауқымы қол жеткен табыстармен шектелудің орны жоқ екендігін, сот-құқықтық реформаларды жүргізу үздіксіз шаралар жиынтығы екендігін көрсетуде.
Әрине, айтылған міндеттердің орындалу барысында басты рөлді атқаратын тұлға, ол – судья. Елімізде Ұлт жоспарының аясында болашақ судьяларды даярлау және тағайындаудың жаңаша, сара жолдары айқындалды. Сот жүйесінің алдында тұрған абыройлы міндеттерді жүзеге асыруда осы жаңа толқынның атқаратын қызметінің орны ерекше болуға тиіс.
Елбасының съезде жасаған баяндамасында судьяның мәртебесі, атқаратын қызметінің қоғамға қажеттілігі туралы салиқалы пікірлер, ұстамды ойлар айтылды.
Құндылығы терең толғаулардың бірі – Елбасы бүгінгі судьялар кешегі кең даланың дауылпаздары, данагөй билеріміз Төле, Қазыбек, Әйтекенің, сонан кейінгі Бұқар жыраулардың өшпес іздерін, даңқты жолдарын жалғастырушылары деген қанатты сөзі деп білеміз.
Әрине, жаңаша жаңару жолын таңдап алған жас, егемен мемлекеттің өзінше даму ерекшеліктеріне сәйкес, судьялардың мәртебесі де заманауи талаптарға сай болуы тиіс.
Өз дәуірінде атақты Балқы Базар жырау:
«Тәңірісі артық жаратқан,
Ауызына халқын қаратқан,
Қара қылды қақ жарған,
Алдынан топты таратқан.
Баласын жақын көрмеген,
Төресін бұра бермеген» – деп билердің қызметіне баға берген екен.
Арада бірнеше ғасыр өтсе де, осы өсиет бүгінгі заманның шынайы шындығына сай келіп отырғандығын мойындауға тура келеді. Судьялар заңдылық пен әділдіктің бағасын саралай отырып, халық мүддесін еш уақытта естерінен шығармауға тиіс. Халықтың мүддесі, халықтың байлығы, қоғамдағы тұрақтылық – мемлекеттің саяси және құқықтық негізі, іргетасы деп бағамдасақ, судьялар қызметінің орны мен беделі нақты айқындала түседі.
XXI ғасыр – Қазақстан Республикасының жаңару мен жаңғыру ғасыры. Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық мерейтойына мінсіз қызметіміз бен адал еңбегіміз арқылы тарту жасауға тиістіміз. Елбасы Республиканың судьялар қауымдастығының алдына жақын уақыттарда орындалуы тиіс бес міндет қойды. Асқаралы мақсат ретінде заң үстемдігін қамтамасыз ету шаралары аталса, осы мақсатқа жету жолында судьялардың басты рөл атқаратындығы ерекше атап өтілді.
Сот төрелігін жүзеге асырудың даңғыл жолы – заңдылықты, заң қағидаларының қасиетін сақтау деп түсінеміз. Осы ретте судьяның мәртебесі мен сот жүйесінің беделі туралы терең ойланып, өз әрекеттерімізге ар мен заң алдында есеп беруіміз қажет. Халық пен қоғамның сеніміне ие болу судьялар қызметінің басты көрсеткіші болып қала береді.
Судьялар өздерінің кәсіби біліктіліктерін өмір тәжірибесімен ұштастыра отырып, Елбасының бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалық процестерге өзіндік үлес қосуға міндетті.
Бағлан МАҚҰЛБЕКОВ,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы

Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде финалға шықты
Спорт • Бүгін, 10:52
Киевте белгісіз біреу атыс шығарды: 6 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 10:03