25 Қараша, 2016

Сот орындаушылар міндетіне селқос қарайды

134 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Мәжіліс депутаттарының соңғы кездегі біршама сауалына шолу жасай кететін болсақ, олар өмірдің барлық саласындағы мәселелерін қамтитынын көреміз. Мәселен, Халықтық коммунистер партиясының фракциясынан депутат Айқын Қоңыров мойнында соттың атқару құжаттары мен әкімшілік айыппұлдары бар азаматтар қарызын төлесе де, бұл туралы көбінесе Орталықтандырылған деректер базасына мәлімет түспейтінін айтады. Мұндайлар жекеменшік сот орындаушылар тарапынан жиі орын алатын көрінеді. Ақысын өндірген олар басқамен ісі болмай, азаматтың мойнындағы қа­рызының өтелгенін базаға ен­гізуге асықпайтын көрінеді. Соның кесірінен бұрын қа­ры­зы болған азаматтар шетел­ге шы­ғайын десе шекарада «ұс­талып», көптің көзінше оқ­шау­­лан­дырылып, моральдық соқ­қы алады. Айқын Қоңыров осы мә­селені Әділет министрі Ма­рат Бекетаевқа жолдап, келешек­те мұндай әрекетті болдырмау шараларын қарастыруды ұсы­н­ды. Тіпті, өз міндетін аяғына дей­ін орындамайтын сот орын­даушыларға жаза қолдану ке­рек­тігін де көлденең тартты. Ал «Нұр Отан» партиясы фрак­­циясының Василий Олейник бас­таған мүшелері Әділет мини­с­т­рі Марат Бекетаев пен Ішкі іс­тер министрі Қалмұханбет Қа­сымовқа сауал жолдап, алимент өндірудің қиындығы туралы мәселе көтерді. Депутаттың жазуына қарағанда, соңғы бес жылда ғана алимент өндіру туралы сот шешімі 135, 5 мыңнан 279,4 мыңға дейін артқан екен. Үстіміздегі жылдың 9 айындағы мә­ліметке қарағанда, соның 205 мыңы алиментін төлемеген, қарыз көлемі – 502 млн теңге. Бұл 370 мың баланың нәпақасы. Ал барлық қарыз 1,8 млрд теңгені құрайды. Осыншалық қарыз болуы себебі неде деген сұраққа өз тарапынан зерттеу жүргізген депутат оның мынадай себептері барын анықтаған:
  1. Қылмыстық жазалау жү­йе­­сінің ықпалды еместігі; Мы­са­лы, 2015 жылы ғана сотқа тү­сі­ріл­ген істердің ішінен 92,3% «мұнда қылмыстық іс жоқ» деген ше­шіммен кейін қайтарылыпты. Тек 140 адам ғана сотталған, оның тек біреуін ғана бас бостандығынан айырған.
  2. Сот орындаушылары жұ­мыс­тарының тиімсіздігі; 2016 жыл­­дың 1 қаңтарынан бастап алимент өндіру ісі жекеменшік сот орындаушыларға берілген. Олардың тиімді жұмыс істеуін қолдау үшін мемлекет үстіміздегі жылы 260 млн. теңге бөлген. Алайда тиімді жұмыс көрінбейді. Қазір олардың саны 1200-ге жетіп, қарауына алған істері 53 мыңнан асып отыр.
  3. Өкілетті органдардың бір-бірімен байланысы жоқ;
Осындай олқылықтарды жою үшін В.Олейник екі министрге төмендегідей ұсыныс жасапты:
  1. Қазақстан Республикасы Үйлестіру кеңесінің шешімімен бекітілген «Алименттер. Төле­м­еу­шілерге қарсы 30 қадам» атты ша­ралар жоспарын іске асыру қа­таң бақылауға алынсын;
  2. Алименттерді еркінен тыс өндіру жүйесін жетілдіруде бір­лес­кен шаралар қабылдау қажет; Бұл жұмыстың жүргізілу барысы ту­ралы халықты хабардар етіп отырған жөн.
  3. Алимент өндіруге қатысты заңнаманы кезең-кезеңмен же­тілдіру бағытындағы мәселелерді қарастыру қажет;
Міне, осындай ұсыныстар жа­сал­ған сауалға Мәжілістің басқа депутаттары да қолдап, қолдарын қой­ды. Олардың қатарында З.Балиева, Б. Ертаев, Б.Кесебаева және т.б. бар. Әзірлеген Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан» Съезден соңғы