Кеше Орал қаласындағы Достық үйінде аймақтық қоғамдық кеңес пен облыстық білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырған мектеп, колледж және кәсіптік техникалық мектеп оқушылары арасында тәуелсіздік тақырыбына жазылған шығармашылық жұмыстардың қорытындылары шығарылды. Бұл жөнінде аймақтық кеңестің сараптамалық-талдау бөлімінің бас кеңесшісі Айсұлу Мұқатаева газет тілшісіне былай деп хабарлады. Шығарма жұмыстарын жазуға облыстағы орта мектептердің 7-11 сыныптарында және колледждер мен кәсіптік-техникалық мектептерде білім алатын оқушылар қатысты. Шығармаға қазақ мектептерінде оқитын өзге этнос өкілдерінің ұл-қыздары да қатысып, бақ сынады. Осы қауырсын қанат шығарма иелерінің арасынан 8 жұмыс іріктеліп алынып өңірлік кезеңнің жеңімпаздары деп танылды. Олардың бәріне ұйымдастырушылар атынан марапаттау қағаздары тапсырылды. Біз осы конкурста шығармасы үздік деп танылған Орал технологиялық колледжінің оқушысы Екатерина Вологинаны сөзге тартқан кезде ол бізге жазған жұмысының жоғары бағаланғанына өте қуанышты екенін жеткізді. Тәуелсіздік – біздің ең басты құндылығымыз. Ал Қазақстан – бәріміздің ортақ отанымыз. Егемен еліміздің одан әрі өсіп-өркендеуіне өз үлесімізді қосуды басты парызымыз деп санаймыз. Біз өз елімізді мақтан етеміз. Оның бір кірпіші болып қалануға әзірміз. Мен шығармамда тәуелсіздік жөніндегі осы ой-пікірлерімді жазып көрсеткен едім. Бұл еңбегім қазылар алқасы тарапынан үздік деп танылған екен. Мен бұған шексіз ризамын деді республикалық конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпазы. Темір Құсайын, «Егемен Қазақстан» ОРАЛ
Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты
Экономика • Бүгін, 18:44
Балқаш аспанын жүздеген дрон жарықтандырады: Balkhash Tour Fest-2026 басталды
Қоғам • Бүгін, 18:35
Абай облысындағы бейнекамера жүргізушілерге заңсыз айыппұл тіркеп келген
Заң • Бүгін, 18:06
Мәйіттік донорға мұқтаждар көп
Қоғам • Бүгін, 17:58
«Челси» Дастан Сәтпаевты жалға беруден бас тартуы мүмкін
Футбол • Бүгін, 17:51
Депутат: Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты мәселе көп
Қоғам • Бүгін, 17:35
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ақтау әуежайы жаңғыртудан кейін ірі ұшақтарды қабылдайды
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:05
1 шілдеден бастап газ бағасы 33%-ға қымбаттайды
Экономика • Бүгін, 16:55
Елордалық полицей 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:30
Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 16:17
Алдағы демалыста 41 градусқа дейін ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:11
Шахтинскіде екі жұмысшы кәріз шұңқырына құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:04
Израильде еврейлер әскерге шақыруға қарсы наразылық акциясын өткізді
Әлем • Бүгін, 15:47