17 Қыркүйек, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1012

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2011 жылғы 5 қыркүйек,   Астана, Үкімет үйі

«Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баждары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баждары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 533-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымшада: «Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен)» деген баған мынадай редакцияда жазылсын: «Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен) 40 143,54 95,69 95,69 95,69». 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық Комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   К. МӘСІМОВ