25 Қараша, 2016

Ақтөбеде «Жастар» балы өтті

187 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
unnamed-2 Ақтөбеде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында  дәстүрлі «Жастар» балы өтті. Салтанатты шараға мекеме басшылары, музыкант, скрипкашы Марат Бисенғалиев, қазақ эстрадасының жұлдыздары, тележүргізушілер мен студент жастар қатысты. Шара барысында тұңғыш рет облыс әкімінің 100 мың теңгелік «Жас Ақтөбе» облыстық жастар сыйлығымен ақтөбелік 25 жас марапатталды. «Жас Ақтөбе» облыстық жастар сыйлығы биыл ғана тағайындалды. Сонымен қатар аймақ басшысы мүмкіндігі шектеулі дарынды 10 жасты 100 мың теңгелік сертификаттармен марапаттады. Шараның жыл сайынғы  ұйымдастырушыларының бірі — М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті әкімшілігі тарапынан ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге жалпы сомасы 4 миллион теңге қаражат табысталды. unnamed-3 -Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты мен айқын бағытын бағдар еткен біздің жалпыұлттық идеямыз — Мәңгілік Елге жетуде қоғамның қозғаушы күші, егемен елдің болашағын қалыптастыратын еркін ой иелері — жастарға патриоттық тәрбие беру. Қай мемлекеттің де болашағы — жастар. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Мемлекет басшысының бастауымен жастарға зор қолдау көрсетіліп келеді. Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстан дүниежүзіне белгілі болды. Еліміздегі барлық мемлекеттік бағдарламалар Ақтөбе өңірінде де жүзеге асуда. Қазіргі таңда 30-ға жуық үкіметтік емес ұйымдардың ұсынысымен 100-ге тарта саяси әлеуметтік жобалар іске қосылды. Әсіресе, жас мамандарға тұрғын үй беру, жұмыспен қамту сынды басқа да әлеуметтік көмектермен қолдауға тырысамыз, - деді өңір басшысы. unnamed-4 Ол 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай алғаш рет Астана қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін республикалық жастар форумының делегаттарына сәттілік тіледі. Форумға «Серпін — 2050», «Болашақ», «Нұрлы жол», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға» секілді мемлекеттік бағдарламалардың  қатысушылары, жас ғалымдар, мәдениет және өнер саласынан барлығы белсенді 30 жас  қатысады. Шараның соңы өнер жұлдыздарының әсем әні мен жастардың би кешіне жалғасты. unnamed-5 Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан» Ақтөбе облысы.