25 Қараша, 2016

Ресейде Қазақстан әдебиеті бұрышы ашылды

458 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
dsc_0319 Ресейдің Мемлекеттік кітапханасында Шығыс әдебиеттері орталығы ашылды. Енді Мәскеу жұрты қазақ халқының тарихымен, әдебиетімен, салт-дәстүрлерімен жақынырақ таныса алады, – дейді елордадағы Ұлттық академиялық кітапхананың баспасөз қызметінің өкілі Зухра Баженова. dsc_0316 Аталған орталық Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен, екі елдің кітапханаларының ұйымдастыруымен ашылып отыр. Ресейдің бас кітапханасында атқарылған бұл игі шара ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Сондай-ақ, аталмыш шара осы жылдар ішінде екі ел арасындағы рухани, мәдени байланыстардың дамуын да көрсетті. dsc_0383 Атап өтейік, Мәскеу кітапханасындағы жиын барысында Ұлттық академиялық кітапхананың президенті Үмітхан Мұңалбаеваның «Кітапхана педагогикасы» кітабының тұсауы кесілді. dsc_0342