25 Қараша, 2016

Халықаралық көрме бюросы ЭКСПО-ны жоғары бағалады

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Париж қаласында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов басқарған делегация Халықаралық көрмелер бюросының 160 Бас Ассамблеясына қатысты. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. Халықаралық көрмелер бюросының мүшелері ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықты жоғары бағалады.  «Мейлінше әдемі, қызықты павильондары бар жақсы көрме ұйымдастырып, Қазақстан мен оның азаматтарын ілгерілету – біздің басты басымдықтарымыздың бірі. Астанаға әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған қонақтар үш жаңалық ашатын болады – Қазақстан, шын мәнінде тамаша мемлекет, Астана - жайлау ортасындағы ғажайып және сәтті өтетіндігіне сенім білдіретін ЭКСПО-2017 көрмесі», - деді Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталес. Бүгінгі таңда ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындығын 106 мемлекет пен 17 халықаралық ұйым растады. 103 секция Комиссарлары тағайындалды, 89 қатысу келісімшартына қол қойылды. Ұлттық күнді өткізуге арналған 93 күннің 67-сі бекітіліп қойды. Бір аптадан кейін, 2016 жылдың 1 желтоқсанында бірегей қызмет көрсету орталығы жұмысын бастайтын болады.