25 Қараша, 2016

Тәуелсіздік жылдары кедейлік деңгейі азайды

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан кешенді шаралар нәтижесінде 2001-2015 жылдар аралығында табыстары ең төменгі күнкөріс мөлшерінен аз тұрғындардың үлесі 46,7%-дан 2,7%-ға дейін төмендеді. Бұл көрсеткіш қазақстандықтардың өмір сүру сапасының және кедейлік деңгейінің азайғанының дәлелі, деп хабарлады primeminister.kz. 2002 жылы әртүрлі объективті себептермен өзінің тіршілік әрекеттерінде жағдай жасауда қиындықтарды бастан кешкен аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі-АӘК) қарастыратын «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР заңы қабылданған болатын. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың айтарлықтай үлесін балалар құрайтыны ескеріліп, «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» ҚР заңына сәйкес, 2006 жылдың 1 қаңтарынан 18 жасқа дейiнгi балаларға ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы енгізілді. Нәтижесінде АӘК алушылардың саны 30,9 есе азайды (2002 жылы 1,18 млн адамнан 2015 жылы 38,2 мың адамға дейін). Сонымен қатар, аз қамтылған азаматтарды қолдау мақсатында, 1997 жылдан бері тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызмет төлемдері осы мақсаттарға кететін шекті шығындардан артқан отбасылары үшін тұрғын үй көмегі енгізілді. Тұрғын үй көмегінің мөлшері және тәртібі жергілікті өкілді органдармен белгіленеді.     Сонымен, кедейлікпен күресу бойынша тиісті шаралардың қабылдануы, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақты өсуі, жұмыспен қамтудың және халық табысының өсуі кедейлік деңгейінің айтарлықтай қысқаруына алып келді.