25 Қараша, 2016

Паралимпиада чемпионына «Алтын Адам» сыйлығы табысталды

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
251116-paralimpiada XV жазғы Паралимпиада ойындарының чемпионы  Зульфия Ғабдуллина мен Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев «Алтын Адам» сыйлығының лауреаттары атанды, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі. Биыл «Алтын Адам» сыйлығы аясында «Жыл паралимпиадашысы» номинациясында «Алтын Адам» мүсіншесін  Рио-де-Жанейрода Паралимпиада ойындарының чемпионы  Зульфия Ғабдуллина, ал «Қоғамдық тану» номинациясында медальді Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Боранбаев Қайрат Советайұлы алды. Құрамына жылдың белгілі, құрметті адамдары енген әділқазылар қоғамдық пікірді ескере отырып, батылдығы, ерлігі, дарыны, еңбегі Отанымыздың игілігіне айналған қазақстандықтарды айқындады. 2016 жылғы мәдениет, бизнес, медицина, өнер, спорт саласындағы жоба лауреаттарының есімдерін жариялады. Сонымен қатар, Дмитрий Баландин «Жыл спортшысы» атанды.