26 Қараша, 2016

«Қазағым, жаса мәңгілік!»

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бұл концертте «Абай өлеңі» әнінің тұсауы кесілді Астанадағы «Конгресс-холл» сарайында әнші-сазгер Кентау Назарбектің Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Қазағым, жаса мәңгілік!» атты шығармашылық кеші өтті. Онда Р.Стамғазиев, К.Төленбаева, Е.Рысқали, Д.Таңатаров, т.б. айтулы әншілер мен «Аламан» тобы өнер көрсетті. Дәстүрлі әндер салтанат құрған бұл кештегі атап өтер­лік жаңалық –халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лау­реаты, талантты ақын Әділғазы Қайырбеков сөзін жазған «Абай өлеңі» (әні К.Назарбектікі) әнінің Қайыржан Бердібаевтың тамылжыта орындауымен тұсауы кесілуі еді. Жасыратыны жоқ, Абай әндерінің жиі шырқалуынан құлақ құрышы әманда қанып келеді ғой. Бірақ Абайдың өзіне арнап салынатын әндердің сиректігі сезіліп те жүретін. Міне, Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында қанаттанған бұл ән сондай олқылықтың орнын толтыруымен де ерекшеленетін сыңайлы. Жүзден астам әннің авторы Кентау Назарбектің шығар­машылық кеші Қазақ елінің мәң­гілік жасампаздығын паш ететін рухани өрісімен тыңдармандарын ойлантып-толғантып, шуақты сезімге бөледі, болашақ жақсы күн­дерге ынталандыра түсті. «Егемен-ақпарат»