26 Қараша, 2016

Реформа сәтімен жүргізілуде

175 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің директоры Айгүл Байханованың қатысуымен Бес институттық реформаның «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» атты бірінші бағытын жүзеге асыру бойынша брифинг өтті. Департамент директорының мәлі­метіне қарағанда, Алматы қаласында үстіміздегі жылда 241 конкурс өткізіліп, оған 207 байқаушы қатысқан. Бұл ретте меритократия қағидасы бойынша 134 мемлекеттік қызметші жоғары лауазымдарға ие болғандығын айта кету керек. Және де жаңадан әкім­шілік мемқызметке қабылданғандар­дың қатары 294 адам болса, мемлекет­тік қызметтерін тоқтатқаннан кейін қайта тағайындалғандар саны 169-ға жеткен. Қазіргі таңда олардың бар­лығына тәлімгерлер бекітіліп беріл­ген. А.Байханова­ның айтуынша, тоқ­сан сайын әкімшілік мемлекеттік қыз­метшілердің қызметін бағалау жүр­гізіледі. Келтіріл­ген мәліметтерге қарағанда, үшінші тоқсанн­ың қоры­тындысы бойынша жұмысы «өте жақсы» деп табылған­дардың қатары 18 пайыз, ал «тиімді» саналғандардың дені 73 пайыз және «қанағаттанар­лық» деп табылғандар 9 пайыз болып отыр. Сондай-ақ, жаңа Әдеп кодексі нормаларының бұзылуына да департамент ерекше назар аударуда. Тарқатып айтқанда, әдеп норма­ларын сақтамағаны үшін 4 мемлекет­тік қызметші жауапқа тартылса, бұл жал­пы жауапқа тартылғандардың 7 пайызын құрайды. А.Байханова сөз реті келгенде жаңа реформа халықаралық және отан­дық сарапшылар тарапынан жоғары бағасын алғандығын ортаға салды. Қазақстан стратегиялық институтының зерттеу­лері көрсеткендей, сұрау салынғандар­дың 80 пайызы аталған реформа­ны қолдайтындықтарын білдірген. Жаңа моделдің өмірге келуі мемлекеттік қыз­метшілердің лауазымдық өсуіне үл­кен мүмкіндік беріп отыр. Үстіміздегі жылы Алматы қаласында 4300 адам тестке қатысқан. Олардың 45 пайызы белгіленген деңгейді еңсерсе, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 52 па­йызға артық. Бір орынға конкурсқа түсушілер саны екі есеге артқаны мәлім болды. Департамент директоры Алматы қаласының барлық 201 мектеп мекемелерінде «Адал Ұрпақ» клубтары құрылғандығынан да хабардар етті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»