Қазақстанның қол жеткізген табыстарын отандастарымыз да, шетелдік танымал тұлғалар да, әлемдік қоғамдастық та Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевпен байланыстырады. Өйткені, ол тәуелсіз Қазақстанның негізін қалады. Өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің көшбасшысы атанды. Президент ретінде елін әлемге танытты, ал әлем оны ірі саяси тұлға ретінде таныды. Бүгінде көптеген елдердің саяси қайраткерлері мен әлемге танымал сарапшылары, сондай-ақ, ғылыми-талдау орталықтары Қазақстан Президентінің іргесі берік тәуелсіз мемлекет құрудағы және Жер шарында бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі теориясы мен тәжірибесіне зерттеу жүргізуде.
Нұрсұлтан Әбішұлы өзіне айтылған мақтау мен мадақтауды салқын қабылдайтыны рас. Дегенмен, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында жалпы- халықтық сайлау бойынша сайланған Қазақстанның Тұңғыш Президентінің еліміздің жан-жақты өркендеуіне қосқан ұлы еңбегі жөнінде және әлемде бейбітшілікті қамтамасыз ету жолындағы өлшеусіз қызметі жайлы айтсақ, артық болмайды деген ойдамыз.
Осыдан 25 жыл бұрын – 1991 жылдың 1 желтоқсанында әлеуметтік және экономикалық қиындықтар еңсені басып, әбден тұралатқан кезде қазақстандықтар сол ауыртпалықтан алып шығатын бірден-бір тұлға ретінде Нұрсұлтан Назарбаевты Президент етіп сайлап, елдің және өздерінің тағдырын сеніп тапсырды. Халықтың осы тарихи әрі парасатты таңдауы еліміздің қалыптасуы мен болашақта табысты дамуының айқындаушы факторына айналды. Сонымен қатар, ол Қазақстанның келешекте жан-жақты өркендеуінің сенімді және берік іргетасын қалап берді.
Канцлер Отто фон Бисмарктің «Жазбау маңызды емес, ал тарихты жасау маңызды» деп айтқаны бар. Шындығында, ұлы тарихты ұлы адамдар ғана жасайды. Ондай тұлғалар кез келген жағдайды стратегиялық тұрғыдан көре білу, оны дамытудың қолайлы жолдарын қарастыру, ерекше ақылдылықпен талдау және есте сақтау қабілетінің ғажайыптылығы, жұмыс істеу белсенділігінің жоғарылығы, сондай-ақ өзінің алға қойған мақсатына жетудегі табандылығы сияқты ерекше қасиеттерге ие болады. Оларға қолға алған істі соңына дейін жеткізбеу жат әрекет саналады.
Шын мәнінде, осындай және басқа да игі қасиеттердің барлығы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бойынан табылады. Сондықтан да оған осынау тектоникалық заман алмасқан ғасырлар аралығында өз халқы тарихи тағдырын алу жауапкершілігін және әлемдік үдерістерге айтарлықтай ықпал етуді жазды. Қазақстанның өз тәуелсіздігін жариялауы қарсаңында оның егеменді ел ретінде өмір сүруіне байланысты әртүрлі пессимистік көзқарастағы болжамдар айтылғаны белгілі. Себебі, елімізде өндірілген шикізаттарға негізінен орталық иелік етті, ал экономиканың өзге бөлігі КСРО-ның әскери-өнеркәсіптік кешені үшін жұмыс істеді. Нақты айтқанда, Қазақстан экономикасының 93 пайызы одақтық бағыныста, тек 7 пайызы ғана өзіміздің қажеттілігімізге жаратылды.
Сол жылдары екі экологиялық қауіпті аймақ – Арал теңізі мен Семей полигонының ауыр зардаптары жөнінде жиі айтыла бастады. Бұлардан бөлек, кешегі кеңестік республикалардың бірқатарында соңы қантөгіске соқтырған этносаралық жанжалдар орын алып, көпшілікті үрейлендірген оқиғалар болып жатты. Бұдан көп ұлтты және көп конфессиялы Қазақстан да «қашып құтылмайды» деп, сәуегейлік танытқандар да болды. Белгілі саясаткер Збигнев Бзежинскийдің Қазақстанда мұсылмандық және христиандық наным-сенімді ұстанатындар арасында кикілжің туып, оның соңы югославиялық сценарийге ұласуы мүмкін дегені соған нақты дәлел.
Қазіргі кезде Президенттің бастамасы бойынша құрылған этносаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудегі бірегей институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы ойдағыдай жұмыс істеп келеді. Осылайша, Н.Ә.Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуының берік іргетасын қалап берді. Еліміздегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімге және отандастарының жоғары сеніміне сүйенген Мемлекет басшысы ендігі кезекте экономикалық реформаларды жеделдете жүзеге асыруға батыл кірісті.
Бұл Қазақстанның бірқатар посткеңестік республикаларға қарағанда, жоспарлы басқарудан нарықтық экономикаға ауысу кезеңінен едәуір бұрын және ойдағыдай өтуге мүмкіндік берді. Елбасының басшылығымен сол жылдары тәуелсіз Қазақстанды дамытудың «жол картасы» саналған «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму бағдарламасы әзірленіп, оны жүзеге асырудың жолдары ұсынылды.
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің стратегиясын жүзеге асыру арқылы қазақстандықтардың басты құқығы – лайықты өмір сүруді дәйекті түрде қамтамасыз етті. Оның тиімділігі еліміздің соңғы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық саясатында ерекше көрінді. Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың ауыртпашылығы салдарынан дамыған елдердің өзі әлеуметтік шығыстарын қысқартып, кәсіпорындары жабылып жатқаны, жұмыссыздық өсе түскені белгілі. Ал Қазақстанда жаңа жұмыс орындары ашылуда, мектептер мен ауруханалар, тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, шәкіртақы, зейнетақы, жәрдемақы және еңбекақы өсірілуде.
Мемлекет басшысы тәуелсіздіктің алғашқы күнінде-ақ, еліміздің рухани дүниесін жандандыруға ерекше назар аударған еді. Елбасымыз сол жылдардағы белгілі экономикалық ауыртпалықтарға қарамастан, халқымыздың мәдениеті мен дәстүрін дамытып, қайта жандандыруға серпін берген «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын қабылдады. Біздің ұрпаққа Ұлы Даланың баға жетпес байлығын, рухани және материалдық ескерткіштерін қайтарды. Әсіресе, соңғы жылдары отандық мәдениеттің материалдық-техникалық базасы Астанада ғана емес, еліміздің барлық аймақтарында да кеңіді және сапалық жағынан нығайды.
Құлаған империяның сынықтарынан жаңа мемлекет құру – қай жағынан алсақ та, ең қиын іс. Бұл Қазақстанға да тікелей қатысты. Өйткені, шекарасы заңдық негізде рәсімделмеген мемлекеттің егемендігі және тәуелсіздігі жөнінде айту мүмкін емес те еді. Сан ғасырлар бойы небір аласапыранды бастарынан кешірген қазақ халқының алдында мемлекеттік шекараны заңдық тұрғыдан халықаралық деңгейде рәсімдеу мәселесі тұрды. Шекараға байланысты мәселелерді шешу Елбасы үшін ең маңызды басымдық болды. Оның үстіне, Қазақстан шекарасының үлкен бөлігі ірі державалар – Ресей және Қытаймен шектеседі. Осы мемлекеттермен арадағы шекараны реттеу патшалық Ресей кезінде де, кеңестік кезеңде де мүмкін болмаған еді. Сондықтан мемлекеттік шекараны межелеу аса қиын жағдайда өтеді деп күтілген болатын.
Қазақстан Республикасы өзімен шектесетін елдермен шекараны делимитациялау және демаркациялауда аса ауқымды жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде, 2006 жылы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қойылды. Бұдан бұрын, 2002 жылы Астана мен Бейжің арасындағы мемлекеттік шекараны халықаралық құқық негізінде рәсімдеу аяқталған еді. Осылайша, қазақтың кешегі және бүгінгі ұрпақтары ғасырлар бойы күткен армандары орындалды. Олардың қасиетті жерінің мемлекеттік шекарасын бүкіл әлем мойындады.
Біздің еліміз шекарасының барлық периметрі бойынша сенім мен тату көршілік белдеуі құрылған. Сонымен бірге, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері, ядролық держава ретінде танылған бес мемлекет – АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Қытай және Франциядан өз аумағының тұтастығы мен қауіпсіздігіне кепілдік алды. Сөйтіп, жас мемлекет өзінің сыртқы жағдайда қолайлы дамуын қамтамасыз еткен еді. Бұл Қазақстанның өз экономикасына шетелдерден ірі инвестициялар тарта отырып, экономикалық реформаларды түбегейлі жүргізуге мүмкіндік берді. Осындай тарихи нәтижелерге Тұңғыш Президентіміз жоғары дипломатиялық шеберлігі мен саяси жігерлігінің, стратегиялық көрегендігінің және сирек кездесетін адами харизмасының арқасында қол жеткізілді.
Қазақ мемлекеттілігінің іргесін нығайтудағы ауқымды жұмыстың тағы бірі – жаңа астананың салынуы болды. Нұрсұлтан Әбішұлының астанаға байланысты батыл қадам жасауына бүгінгі күні белгілі геосаяси және экономикалық сипаттағы жағдайлар ғана емес, тәуелсіз Қазақстанның және өз халқының болашақтағы жасампаздық мүмкіндігіне шексіз сенгендігі де себеп болды деп ойлаймын. Бүгінде Елбасының сол ойы нақты өмірде толықтай, тіпті, күтілгендегіден көп бұрын орындалғанын көріп отырмыз. Есілдің оң жағында басталған қаланы қайта жаңарту жұмыстары көп кешікпей өзеннің сол жағына ауысты. Бірнеше жылдың ішінде Есілдің сол жағындағы жазық далада еңселі жаңа қала бой көтерді.
Ресей Президенті Владимир Путин: «Одақ құлағаннан кейін бұрын бір-біріне сүйеніп келген республикалар ақылдасуға ниеттеніп жатқанда, Назарбаев қаржылық қиындықтарға қарамастан, Еуразияның жүрегінде қазіргі заманғы мегаполис тұрғызды. Бұл – жеңіс, нағыз жеңіс», деп өте орынды атап өтті. Қазіргі кезде Еуразияның дәл жүрегінде қанатын кеңге жайған Астана тәуелсіз Қазақстанның жасампаздық символына ғана емес, әлемдегі ең беделді астаналардың біріне сенімді түрде айналып келеді.
Мен Қазақстанның Сыртқы істер министрі және елші ретінде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, Президенттің шетелдердің мемлекет және үкімет басшыларымен, халықаралық ұйымдардың және ірі трансұлттық корпорациялардың жетекшілерімен жүргізген көптеген келіссөздеріне қатысу бақытына ие болдым. Елбасымыз өзінің алғашқы кездесулерінде-ақ әңгімелесушілерінің құрметі мен сеніміне ие болды. Келіссөздерде талқыланған мәселелерді терең білетінімен ерекшеленіп тұрды.
Өткен ширек ғасыр аралығында Н.Назарбаевқа әлемдегі жетекші мемлекеттер басшыларының төрт буынымен жұмыс істеуге тура келді. Оның сол тұлғалардың барлығымен тең құқылы, өзара сенімді қарым-қатынасы қалыптасты. Президенттің сол тұлғалармен достық қатынасы олардың жоғары лауазымды қызметтерінен босағаннан кейін де жалғасқанына тарих куә. Олардың ішінде Б.Ельцин, С.Демирел, Цзян Цзэминь, үлкен Дж.Буш, Б.Клинтон, М.Мохамад және басқалар бар.
Қазіргі кезде әлемдік көшбасшылар Н.Назарбаевтың өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан жеке үлесін жоғары бағалап келеді, көптеген дағдарысты жағдайларда олар біздің мемлекеттің басшысынан көмек те сұрап жатады. Мысалы, 2010 жылдың сәуірінде Қырғызстандағы аса қиын саяси дағдарыс кезінде АҚШ пен Ресейдің президенттері ондағы жағдайды реттеуге көмектесу үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа өтініш жасаған еді. Елбасымыздың араласып, үлкен күш жұмсауының нәтижесінде көрші ел төніп тұрған азаматтық соғыстан аман қалды.
Халықаралық қоғамдастық, сондай-ақ Қазақстан басшысының Иранның ядролық бағдарламасына қатысты проблемаларын бейбіт жолмен шешудегі үйлестірушілік рөлін таныды және жоғары бағалады. Әлем жұртшылығына белгілі, Нұрсұлтан Әбішұлы бізге біршама жақын халықтар тұратын Ресей мен Украина арасындағы қатынастарды реттеуге де уақыты мен күшін аз жұмсаған жоқ. Сонымен қатар, Елбасымыз кезінде белгілі себептерге байланысты Ресей-Түркия қатынастарындағы ушыққан дағдарысты тұрақтандыруға да зор үлес қосты. Сол үшін Қазақстан басшысына президенттер В.Путин мен Т.Ердоғанның ризашылық білдіргенінен әлемдік қоғамдастық хабардар. Елбасымыздың осы және басқа да халықаралық түйінді проблемаларды бейбіт жолмен реттеудегі беделі мен бітімгершілігін өзінің отандастарының да мақтан етуге құқығы бар.
Жаңа буын жетекшілерінің пайымдауынша, Н.Назарбаев барынша танылған және әлемдік саясаттың аса беделді патриархы саналады. Сондықтан да оның В.Путинмен, Си Цзиньпинмен, Б.Обамамен және Шығыс пен Батыстың жаңа формациядағы өзге де көшбасшылармен ізгі әріптестік қатынастары қалыптасты.
Президенттің ұзақ жылғы дәйекті жасампаздық қызметінің нәтижесінде, еліміз әлеуметтік-экономикалық жағынан дамып, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі нығайды. Мемлекет басшысының өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, сондай-ақ жеке өзіне деген сенім мен құрметтің нақты белгісі ретінде ЕҚЫҰ-ға мүше 56 мемлекеттің барлығы Қазақстанға бір ауыздан дауыс берді. Еліміз 2010 жылы беделді халықаралық ұйым – ЕҚЫҰ-ға төрағалықты ойдағыдай атқарды.
Мемлекет басшысы Ұйымға төрағалық ету туралы тарихи шешім жөнінде: «Бұл тарихи шешім – тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген табыстарына берілген әділ баға. Бүгінде Қазақстан жаһандық қауіпсіздікке белсенді қатысушыға, бейбітшіліктің, келісім мен тұрақтылықтың қайнар көзіне айналды. Өзінің әділдігімен белгілі қазақ халқы Азия және посткеңестік кеңістіктегі елдер арасында алғашқы болып беделді Ұйымның Саммитін қабылдайды. Қазақстан мұндай танылуға ешқашан қол жеткізген емес», деп мәлімдеген болатын.
Күш-қуаты ерекше, ойшылдығы терең, саяси ерік-жігерге берік және дипломатияға ұста Н.Назарбаевтың арқасында Қазақстан он бір жылғы үзілістен кейін ЕҚЫҰ Саммитін өте табысты өткізді және қатысушы 56 мемлекеттің келісімі бойынша ЕҚЫҰ-ның тарихи Астана декларациясы қабылданды. Түн ортасында, 2010 жылғы желтоқсанның 2-сінен 3-іне қараған түні Н.Назарбаев ЕҚЫҰ-ның Астана декларациясының қабылданғанын хабарлаған кезде Тәуелсіздік сарайының кең залы қол соғудан жарылып кеткендей болды.
Ұйымға қатысушы 56 мемлекеттің өкілдері Қазақстан мен оның Президентінің халықаралық аренадағы жетістігіне тағы бір тәнті болып, алғыстарын үсті-үстіне білдіріп жатқандары кешегі күнгідей көз алдымызда. Шындығында да, бұл – Қазақстанның жұлдызды сәті болды және бұл – Н.Назарбаевтың жеке өзінің зор жеңісі! Сондай-ақ, ол – қазақстандықтардың бірлік пен бейбітшілікті жақтайтынының жарқын көрінісі болды.
Елбасымыз – тарихи шешімдер қабылдау арқылы да өз отандастарымен қатар, әлем жұртшылығына кеңінен танылған көрнекті саяси тұлға. Мысалы, Президент жарлығымен Семей ядролық сынақ полигоны жабылды, еліміз ядролық қару-жарақтан өз еркімен бас тартты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының бастамасымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес құрылды, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі шақырылды, жыл сайын Астана экономикалық форумы өтіп келеді. Енді алдымызда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігін атқару міндеті тұр.
Президентіміз Н.Назарбаевтың көп жылдар бойына жалғасып келе жатқан бітімгерлік тұлғасы жақында Жапонияға сапары барысында да айқын көрінді. Елбасына әлем мәдениеті арнайы сыйлығының берілуі, оның ядролық қауіпті жоюға және бәсеңдетуге, Жер шарында өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесіне берілген жоғары баға. Халықаралық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы ретінде танылған Н.Назарбаевтың атом бомбасының алғашқы соққысы тиген эпицентрден әлемдегі барлық елдердің мемлекет және үкімет басшыларына ядролық қарудың Дамокл семсерін түпкілікті босатуға шақырған үндеуі өте орынды болды.
Мемлекет басшысының соңғы президенттік сайлауда басымдықпен жеңіске жетуі, өткен кезеңдердегідей, Қазақстан халқы өздерінің болашағын Нұрсұлтан Назарбаевпен байланыстыратынын тағы бір дәлелдеді. Ал енді қазақстандықтардың алдында елімізді ертеңіне жетелейтін Тұңғыш Президент, әлем таныған тұлға Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» идеясы тұр.
Қанат САУДАБАЕВ

Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Кеше
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Кеше