26 Қараша, 2016

Қызылордада Мұстафа Шоқайға ескерткіш орнатылады

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20161126083112 Облыстық бюджеттен бөлінген 49 млн. 346,0 мың теңгеге мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың ескерткіші жасалынды, деп хабарлады қала әкімдігі. Алып ескерткіштің биіктігі - 6 метр, бүгінгі күні ескерткіш орнатуға толық дайын тұр. Ескерткіш 3 натуралық өлшемде, қола материалынан құйылған. Авторы - Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Көшер Байғазиев. Бүгінгі таңда Қызылорда қаласының орталығынан ескерткіштің орны белгіленіп, «Мұстафа Шоқай атындағы қоғамдық қордың» қаржысы есебінен биіктігі 6 метрді құрайтын гранит постаменттің құрылысы жүргізілуде. Ескерткішті орнатуға Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссияның хаттамалық шешімімен келісім алынған.