26 Қараша, 2016

Елдос Қабденов - джиу-джитсудан әлем чемпионы

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

e09ea7368e42915d36afc497b16f96e2

Қазақстандық Елдос Қабденов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды. Бұл спорт түрінен Әлем чемпионаты Польшаның Ворцлав қаласында өтіп жатыр, деп хабарлады Қазақстанның Джиу-Джитсу ассоциациясының баспасөз қызметі.

"Жарысқа 46 мемлекеттен 2000-ға жуық спортшы қатысуда. Қазақстан командасында 25 адам бар. Қазақстан құрамасындағы алғашқы алтынды Елдос Қабденов алды", делінген хабарламада.

56 кг салмақ дәрежесінде Елдос файтинг-систем бөлімінде жеңіске жетті. Сонымен қатар оның бұл жарыстағы нәтижесі өзінің және бапкерінің рекорды болып отыр.
7601b716d3b7bb334ac2e60e02642841