26 Қараша, 2016

Алматыда отандық өнім жәрмеңкесі өтті

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алматыда Қазақстан аймақтарынан келген отандық ауылшаруашылық тауарын өндірушілердің кеңейтілген жәрмеңке науқаны аяқталды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 2016 жылдың басынан бері Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының 10 кеңейтілген жәрмеңкесі өтті. Аймақтар жалпы құны 1,2 миллиард теңге болатын ет, жеміс-жидек, көкөніс, сүт өнімдерін жеткізді. Ондағы азық-түлік бағасы орташа нарық бағасынан 15-20% арзан болғанын атап өткен жөн. Одан бөлек, аймақаралық кооперация аясында 2016 жылдың басынан бері Алматы қаласы 8 облыспен (ШҚО, БҚО, ОҚО, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл облыстары) 10 кездесу өткізді. Кездесулердің нәтижесінде Қазақстан облыстарының 30-дан астам тауар өндірушілері Алматының 6 сауда желісімен (Small, Carrefour, Магнум, Galmart, Метро, Беккер и К) келісімге қол қойды. Бұл кездесулер импортты алмастыруға, өнімді тікелей жеткізу арқылы азық-түлік тауарларының бағасын төмендетуге мүмкіндік берді.