26 Қараша, 2016

Елбасы кітапханасында көрме ашылады

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасының кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ТМД құрылуының 25 жылдығына арналған мерекелік шаралар салтанатты түрде ашылады. Кітапхана баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, салтанатты шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова және ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұт Базарқұлұлы Қасымбеков, ҚР Парламенті депутаттары, мемлекеттік қызметкерлер, қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдарының өкілдері қатысады. Елбасы кітапханасында мейрам күндеріне арналған 7 көрме ашылады. Елбасының жеке мұрағатындағы бірегей құжаттар «Елбасы жолы», «Тәуелсіз Қазақстан  тұғырлы ел» көрмелерінде паш етіледі. «Әлем қадірлеген Елбасы» көрмесінде көпшілік назарына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген шет мемлекеттердің жоғары наградалары ұсынылады. Елбасының жеке кітапханасындағы аса құнды және бірегей жинақтарды «Н.Ә. Назарбаев  тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы», «Елбасына естелікке қолтаңба», «Егемен елдің тәуелсіздік шежіресі» көрмелерінен тамашалауға болады. Мемлекетіміздің ширек ғасырдағы табыстары мен жетістіктерін қылқаламмен сөйлеткен Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Нұржан Қарымсақовтың «Ұлы Дала елі» көрмесі ашылады. Елбасы кітапханасында мейрам күндеріне орай бұқаралық мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылады: кинокөрсетілімдер, шеберлік сыныптары, әдеби және музыкалық кештер. Мерекелік шаралар 23 желтоқсанға дейін жалғасады.