28 Қараша, 2016

Алматы облысында 200 адам қар құрсауында қалды

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20161128205320 Алматы облысында қар құрсауында қалған адамдар саны 200-ге жуықтады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгін Сарыөзек-Көктал жолының бойында 200-ге жуық адам мен 60-тан аса автокөлік қар құрсауынан құтқарылды. Аталған бағытта әлі де жол жабық. Ауа райы аса суық болмаса да, ұйытқып соққан жел қарды боратып, жолды жауып тастап отыр. Арнайы техника тас жолды тазалап үлгермей әлек. 20161128161352 Тәртіп сақшыларының ескертуіне қарамастан халық жолға шығып, Алтынемел асуынан өз күшімізбен өтеміз деп қарсылық білдіруде. Төтенше жағдай саласының өкілдері жолаушыларға жолға шықпау жөнінде ескерту жасауда. Алдын ала ауа райының қолайсыздығына байланысты ұялы телефондарға смс хабарламаларын жолдап жатыр. Сол себепті тұрғындар ақпаратқа құлақ асса дейді. 20161128204736