Ертең, 29 қарашада, сағат 10:00-де, Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық тәртіпте Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді. Онда АӨК, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламаларының жобалары қаралады.
Сонымен қатар күн тәртібінде – 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы мен нәтижелі жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламаларының жобаларын талқылау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көруге болады. Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовтың, ҚР ұлттық экономика министрі Қ. Бишімбаевтың, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.• 28 Қараша, 2016
Ертең Үкімет отырысында жұмыспен қамту мәселесі қаралады
Қоғам • Кеше
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Кеше
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Кеше