Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында жол тазалайтын қосымша техникалар іске қосылып, жем-шөп тасу жұмыстары ұйымдастырылды.
Жолдарды тазалау үшін үш K700 тракторы және шынжыр табанды техникалар бөлінді. Бүгін хабарланғандай, Абай ауданы әкімінің шешімімен ауданда ауа райының қолайсыздығы салдарынан төтенше жағдай жарияланды.
Ең үлкен қиындықтар мал жаюға байланысты болмақ. Қазір қардың бетін қалың мұз жапқан. Сол себепті 2 мыңға жуық жылқы ашыққан. Қараша айының басында Сарыжал ауылдық округінде ауа райы қиындық туғызып отыр. Қалыңдығы жарты метрден астам қар жауып, артынан жауын-шашын болып, соңы аяз бен боранға ұласты.
Қалың қар, жаңбыр, бұрқасын және аяз Абай аудандық басшылығының төтенше жағдай жариялауына алып келді. Тұрғындарды дәрі-дәрмек және тамақпен қамтамасыз ету жөнінде ешқандай қиындық болмағанмен, жылқылардың жайылымы оңайға түспейін деп тұр.
• 28 Қараша, 2016
Шығыс Қазақстанда жол тазалайтын қосымша техникалар іске қосылады

Қоғам • Кеше
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Кеше
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Кеше