28 Қараша, 2016

Ақтау тұрғыны тарихи тиындарды сақтап келген

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
moneta-1 Ақтау қаласының тұрғыны Артем Рахматуллин Чехияның Брно қаласындағы техникалық университеттің «Машина жасау» факультетінің студенті атанғалы қазақстандық тиындар коллекциясын сақтап келеді. moneta-2 «Менде 1993 жылы шыққан 27 тиын мен 20 және 50 теңгелік 10 монета бар. Барлық қазақстандықтар үшін атаулы даталармен бейнеленген ескерткіш. Ол арқылы мемлекетіміздің төл тарихын анықтауға болады: бұл 1995 жылы Ұлы Жеңістің 50 жылдығына, 1996 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 5 жылдығы, 1997 жылы Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл және сол жылы Бейбітшілік және еске алу жылына арналған тиындарды атап өтуге болады. 1999 жылы Қаныш Сәтпаевтың 100 жылдығына арналып шығарылған монета да бар. Сол жылы, яғни 1999 жылы миллениум құрметіне арналып тиын құйылған.  Ол да менің коллекциямда тұр. 2000 жылы Түркістанның 1500 жылдығына, ал 2001 жылы ел Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арнап тиын жасалды», – Артем Рахматуллин. moneta-3 Ал оның коллекциясындағы соңғы тиын – 2002 жылы Ғабиден Мұстафиннің туғанына 100 жыл толғанда дайындалған монета.