28 Қараша, 2016

Астана әкімі жаңа аялдамалар ашуды тапсырды

270 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
bus-12 Елорда әкімі жаңа автобус бағдарларын іске қосу және аялдама кешендерін ашу бойынша жедел шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі. Оның айтуынша, елордада салынған жолдарды (800 км аса) ескерсек, 250-ге жуық аялдама орнату керек. Оларды жобалау кезінде Астананың климаттық жағдайларын ескеру қажет. Сонымен қатар, қала басшысы жаңа аялдамалардың жайлы болуы тиіс екендігін атап өтті. Негізінен, бұл кешендер мемлекеттік-жеке меншік әріптестік есебінен салынатын болады, ал жоба 2017 жылдың бірінші жартысында жүзеге асырылады. Қаладағы жаңа аялдама павильондары мен автобус маршруттары көше-жол желісінің дамуына қарай пайда болады. 2016 жылдың соңына дейін Астанада 45 жаңа шыны және перфорацияланған аялдама абаттандырылады. Бұған қоса, жабық типті жаңа аялдамалар жобалануда. Олар жолаушылар ағыны тығыз жерлерде орнатылмақ. Сондай-ақ, көлемді жабық сауда және техникалық орынжайлардан, ашық алаңнан тұратын автостанциялар жасалады. Оның аумағында тез тамақтану пункті, қоғамдық дәретханалар, төлемдер қабылдау пункті, лайт-бокстар және т.б. болады. bus-1 Сонымен қатар, Әсет Исекешев автобус парктерін жаңарту, жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын арттыру, автобустардың қозғалыс интервалын азайту және ескі машиналарды қолданыстан шығару мәселелеріне назар аударды. Әкімнің атап өтуінше, елорда халқының саны ұдайы өсіп отырады, сәйкесінше қоғамдық көлікке түсетін жүктеме артады. Қазіргі кезде күн сайын 700-ден аса қоғамдық көлік жолға шығады, олар 875 мың адамға қызмет көрсетеді. Мұнымен қоса, 2017 жылы Астананың автобус парктері IVECO маркалы 210 заманауи жайлы автобуспен толықпақ. Жаңа жылжымалы құрамды сатып алу Еуропа қайта құру және даму банкінің инвестициялық қолдауының арқасында мүмкін болып отыр. Жаңа автобустар ақпараттандыру, ауа баптау, жылыту, бейнебақылау жүйелерімен, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға және балалар арбасымен жүрген ата-аналар үшін арнайы пандустармен жабдықталады.