Кеше Астанада Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин 4 мың шақырымдық жаңа оптикалық талшықты байланыс желісін іске қосты. Ол транзиттік және республика ішілік темір жол тасымалын сенімді ақпаратпен қамтиды және темір жолдың бәсекелестік әлеуетін жоғарылатуға қызмет етеді.
Оптикалық талшықты байланыс желісі республика темір жолының Астана–Павлодар – Семей–Ақтоғай, Шу–Арыс (Сарыағаш арқылы Өзбекстан шекарасына шығу) – Қызылорда–Қандыағаш; Көк–Жаңаесіл (Пресногорков стансасына шығу) – Қостанай өңірлері арқылы стратегиялық желілерін басып өтеді. Барлығы төрт мың шақырымға жуықтайды.
– Мемлекет басшысы біздің алдымызға 2015 жылға дейін жергілікті телефон байланысын 100 пайыздық көлемде сандық формат жүйесіне қосуды және әрбір қазақстандықты интернетпен қамтуды тапсырған болатын, – деп атап өтті салтанатты шарада Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев. – Алғашқы сандық желіні іске қосу осы мақсаттың бастапқы қадамы. Аталмыш магистралдық желіні іске қосу темір жол бойындағы елді мекендерді соңғы үлгідегі байланыс жүйесімен қамту арқылы еліміздің телекоммуникациялық рыногын байыта түседі.
Байланыс желісінің құрылысын ҚТЖ еншілес кәсіпорны – «Транстелеком» АҚ 2010 жылдың алғашқы жартысында бастаған болатын. 2011 жылдың тамыз айында құрылыс жұмысы аяқталып, жалпы ұзындығы 3951 шақырымдық желі пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ кепілдігімен Еуропа Қайта құру және даму банкінің несиелік заемымен қаржыландырылған. Жобаның жұмысына «Alcatel-Lucent» компаниясы мердігерлік етіпті.
Жоба темір жол көлігін сенімді жоғары технологиялық байланыспен қамтудан туған болса, магистральдық кабель желісі темір жол стансалары мен жол айырықтарын да қамтып, телімдермен іргелес орналастырылған. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ пен «Транстелеком» АҚ стансаларға жақын орналасқан кәсіпорындар мен мекемелерді қамту мақсатында магистральдық желіден арнайы тармақтарын шығарып қосқан. Бұл желі соңғы үлгідегі арналармен жіберілетін құрылғылармен жабдықталды.
Жаңа желі арқылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ пен оның еншілес кәсіпорындары күрделі ақпараттық ағындарды да автоматтандырылған жүйемен қамти алмақ.
Жаңа талшықты желі халықаралық және қалааралық байланыс операторларын, сондай-ақ еліміздің телекоммуникациялық рыногында тапсырыс берушілерді сенімді де жоғары сапалы байланыс жүйесімен қамтитын болады.
Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.
Суретті түсірген Мұхтар ХАЛДАРБЕКОВ.

Kaspi.kz-тегі депозит пен аударым талаптары неге күшейтілді?
Банк • Бүгін, 14:48
Атырау облысында 584 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 14:36
Қысқы Паралимпия ойындары: Ұлттық құрама тізіміне кімдер енді?
Қысқы спорт • Бүгін, 14:20
Қызылордада анасына қол көтерген қатыгез 6 жылға сотталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:19
Қостанайдағы онкологиялық ауруханаға «Halcyon» желілік үдеткіші орнатылды
Медицина • Бүгін, 14:02
Тұтынушылық несие нарығындағы қауіп: Берешек көлемі неге өсуі мүмкін?
Банк • Бүгін, 13:35
Технологиялық алпауыттар жасанды интеллектіге 700 млрд доллар инвестиция салды
Жасанды интеллект • Бүгін, 13:15
Дәрігерлер трактордың астына түскен ауыл тұрғынын аман алып қалды
Медицина • Бүгін, 13:00
Жеке зертханаларға жүргізушілерді тексеруге рұқсат берілмейді
Қоғам • Бүгін, 12:58
Тұрғын үй кезегі қалай жұмыс істейді?
Қоғам • Бүгін, 12:51
Петропавлда кәсіпкерді заңсыз тексерген шенеунік айыппұл арқалады
Оқиға • Бүгін, 12:40
«Отбасы банк» салымшыларына мемлекеттік сыйлықақы 1 наурызда аударылады
Банк • Бүгін, 12:23
Маңғыстауда «Қазақстан темір жолы» ұжымы референдумға қатысуды қолдады
Референдум • Бүгін, 12:10
Қазақстан мен Өзбекстан теміржол тасымалының әлеуетін арттырады
Қазақстан • Бүгін, 12:02