29 Қараша, 2016

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы «Болашақ» бекетіне аялдады

145 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
img_9727Мемлекет басшысының тапсырмасымен тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерекесіне орай республикамыздың алыс түкпірлеріндегі бекеттерге аялдап, өңірлердің экономикалық ахуалымен, халықтың әлеуметтік жағдайымен танысып, оларға дәрігерлік, кәсіпкерлік, әлеуметтік, құқықтық, ауылшаруашылық мәселелері бойынша қабылдау өткізіп, сауалдарына жауап қайтарып, кеңес беру үшін жолға шыққан «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Маңғыстау өңірінде болды. 25 жылдық мереке аясын­да 1 қараша күні Астана қаласынан жолға шыққан пойыз 25 күн дегенде 25-ші бекет – «Болашаққа» келіп жеткен еді. Алдымен Жаңаөзен қаласына ат суытқан оларды аталған қаланың әкімдігі мен тұрғындары ән-жырмен, ақ дәммен қарсы алды. Жаңарған Жаңаөзенді аралатып, қаланың тыныс-тіршілігімен таныстырды. Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүше­лері, медицина және әлеуметтік сала мамандары, заңгерлер, өзге де мамандардан құралған 270-ке жуық адамы бар пойыз­ды «Болашақ» бекетінің тұр­ғын­дары да жылы қабылдап, мәре-сәре болды, тиісінше олар да тұрғындармен кездесіп, әр сала бойынша туындаған сауал­дарына жауап қайтарды, дә­рігерлер қабылдау жүргізіп, ке­ң­ес берді. Қарақия ауданының Бола­шақ ауылдық округі 2012 жы­лы «Болашақ» темір жол бекеті не­гізінде құрылған. Еліміздің ке­ле­шегіне орайластырып «Бо­лашақ» атанған бекет Қа­зақстан мен Түрікменстан ше­ка­­ра­сында орналасқан және оның олай аталуының да өзін­дік себебі бар. Солтүстік – Оң­­түстік халықаралық көлік дә­лі­зінің шығыс тармағы болып есеп­телетін бұл бекеттің келе­шекте халықаралық тасы­мал-өткізгіштік әлеуеті аса зор болмақ. Қазақстан Рес­пуб­­ли­касының Президенті Н.На­зар­баев пен Түрікменстан Рес­пуб­ли­касының Президенті Г.Берд­і­м­ұхаммедовтің қа­тысуымен арнайы ашылған бекетте қазіргі таңда 516 тұрғын бар. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар саны 25 екен! Яғни, ел тә­у­ел­сіздігінің 25 жылдық мере­кесіне сый ретінде «бола­шақ­тық» аналар 25 баланы өмірге әкелген! Тұрғындар үшін табиғи газбен, ауыз сумен және электр қуатымен қамтылған 85 үй, 8 екі­қабатты жатақхана, 80 орын­дық мектеп, 50 орындық ба­ла­­бақша, наубайхана мен 50 адам­дық асхана, монша, емхана жә­не екі дүкен ашылған. Бекетте те­мір жол желісі негізгі өндіріс бо­лып табылады, биылғы 1 қыр­күйекке дейін бекет арқылы 162 пойызға жүктелген 42,7, мың тонна жүк экспортталса, 150 пойыздық 56,8, мың тонна жүк импортталған. Болашақ бекетінде 292 теміржолшы жұ­мыс жасайды, оның 117-сі осы бекеттің тұрғыны болса, өз­гелері Маңғыстау облысы мен еліміздің басқа өңірлерінің азаматтары. Бекетте бюджеттік сала қызметкерлерін баспанамен қамту үшін «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағ­дарламасы аясында жобалық құны 58,212 млн теңгені құрай­тын бес екі бөлмелі үй салынып жатыр. Болашақ тұрғындары қо­ғамдық қабылдауларда тұрғын үй мен оны заңдастыру, ауылда дәрігерлік қызмет көрсетуді көтеру мәселелеріне қатысты сұрақты алға тартты. Пойыз дәрігерлеріне қаралуға келгендер арасында балалардың қарасы көбірек болды. – Пойыз Астанадан шық­қан­нан бері қарай тоқтаған барлық бекеттерде болып келе­мін. Бүгінгі таңға дейін 80 баланы қарадым. Көпшілік ата-ана балаларын майтабанға және ұршық ауруына қатысты қаратады. «Болашақтан» 1-2 са­ғат ішінде 10 баланы қарадым. Құ­дайға шүкір, балалардан алаң­датарлық аурулар кезікпеді. «Болашақтық «бір балаға тілін қағып емуіне, сөй­леуіне кедергі келтіретін тіл астындағы өскінге ота жасадым, – дейді ортопед-дәрігер Әділбек Омаров. «Болашақтағы» шара одан әрі маңғыстаулықтар ұйым­дас­тырған «Болашағымыз – бір­лікте!» атты форуммен жал­ға­сты. Форумда Маңғыстау об­лысы әкімінің орынбасары Б.Нұрғазиева, «Тәуелсіз Қа­зақстан» пойызының штаб же­текшісі Ә.Әлпейісов бас­та­ған пойыз құрамындағы белгілі азаматтар, Маңғыстау об­лысы­н­- дағы аудан, қала­лар­дың қо­ғамдық келісім ке­ңестерінің төрағалары мен этно­мә­де­ни бірлестіктер өкіл­дері құт­тық­тап, ел бір­лі­гіне, ты­ны­штығына және Қа­зақ­станның дамуына тілектерін жау­дырды. Өнер­паздар әсем әнмен әс­пет­теді. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» Маңғыстау облысы Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН