29 Қараша, 2016

Ұлттық валюта – ұлттық болмыс бейнесі

282 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
kazakh_moneyТәуелсіз­дік­­тің 25 жылдығы қарсаңында Мем­­ле­­кет басшысы Нұрсұлтан На­зар­ба­ев­­­тың бейнесімен мерейтойлық тең­­генің өмір­ге келуі  – заңды құбылыс. Біріншіден, Елбасының еліміздің өркендеуіне, ел болып қалыптасуына қос­қан үлесіне халықтың берген бағасы деп білемін. Өйткені, еліміздің 25 жыл­дық тарихында ұлттық валюта да ай­рықша маңызға ие. Бәріміз де 90-шы жылдарды есімізде жақсы сақтап қал­дық. Ол кезде еліміздің қаржы жүйесі қан­дай жағдайда еді, Елбасының өзі де сол кездегі қиындықтарды жиі айта­ды, еске салады. Ол кезең шынымен де өте күрделі еді: экономиканың то­лық күйреуі, гиперинфляция, өн­ді­ріс­тің құлдырауы, жұмыссыздық, тауар­лар тапшылығы, әлеуметтік апатия – біз осының барлығын өз көзімізбен көр­дік, сезіндік. Сондай қиын кезеңде егем­ендігін алып жеке шыққан елдің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың стра­тегиялық жоспарының негізінде 1993 жылдың қараша айында ұлттық ва­лютамыз – теңге айналымға шықты. През­идент нақты қаржылық еркіндіксіз ре­формалар өткізу мүмкін еместігін жақсы түсінді. Өйткені, жаңашыл, батыл реформаларсыз кез келген мемлекеттің дамуы мүмкін емес. Қазіргі күнгі еліміздің әлеуметтік-эко­­номикалық дамуы, тұрақты ты­ныс-тіршілігі сол кездегі батыл жа­са­лған реформалардың барысында на­қты жолға түсті. Қай елде болмасын жедел инно­ва­циялық дамуға, білімге не­гіздел­ген экономикаға өтуге басты назар ау­­да­рылады. Мұндай әлеуметтік-эко­но­ми­калық дамудың негізі зияткерлік ре­с­ур­стар, адам капиталы және ғылымға бай­ланысты. Біздің еліміз болса дамушы мемлекет, дамыған елдер қатарына қо­сылуға ұмтылудамыз, ал оны ұзақ мер­зімде дамытудың стратегиялық ба­сымдығы ғылым мен инновация ар­қылы келетінін Елбасы халыққа ар­наған Жолдауларында үнемі айтып ке­леді. Дамыған 30 елдің қатарына қо­сы­лу керектігін де әркез еске салады. Ел­басы инноваторлар, яғни креативті ой­лай алатын кәсіпқой экономистер даяр­лау қажеттігіне баса назар аударды. Өйткені, креативті ойлау инновацияны ғана емес, экономиканы жос­пар­лау мен болжаудың стандарттық емес, жаңа тәсілдерін қамти алады. Яғ­ни, экономикалық бейіндегі қазіргі за­манғы мамандар даярлау дүниежүзілік та­лаптарға, ғаламдық ғылым мен тә­жі­рибе сұраныстарына сәйкес келеді. Жа­ңа білім, инновациялар мен жоғары тех­нологиялық бизнеске негізделген экономика жағдайында ғылым мен адам капиталы басты рөл атқарады. Біз де әлемде күн сайын болатын өз­ге­ріс­терден қалыспай, озық жүруге мүм­кін­дік беретін «креативті» экономиканы қа­лыптастыру үшін қызмет жасаудамыз. Бізге керегі осы. Экономиканың ай­қын ұғымына жетуіміз қажет. Біздің С. То­райғыров атындағы университеттің эко­­номика және қаржы бөлімінде студент­терге білім беру «Экономикалық бей­ін­дегі кадрлар даярлаудың білім беру бағ­дарламаларының инновациялық, икем­ді және стандарттық емес» тәсілдері ар­қылы жүргізіледі. Өзім басқаратын ка­фе­драда кәсіпқой ғалымдардың мықты ко­мандасы бар. Тіпті, тыңдаушылар ға­на емес, оқытушылар да экономикаға не­гіз­дел­ген оқу-үйрену тренингтердің пайдалы екендігін айтады. Бұл экономикалық зерт­теу теориясы мен практикасын байыту деген сөз. Отаншылдықтың жоғары деңгейі ұлт­тың, жастардың жоғары бәсекеге қа­білеттілігінен көрініс табады. Сингапур, Түр­кия, Малайзия өздерін даму, өркендеу жолына түсірген бірінші басшыларының бейнелерін төл банкноттарына шығарып құрмет көрсеткен елдер. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысының бейнесімен мерейтойлық банкноттың шығуы да біздің халықтың Нұр­сұлтан Әбішұлына деген ерекше құрметін білдіреді. Жас буынды, студенттерді елге, туған жерге пат­риот­тық сезімде тәрбиелеуде де ол ерекше ма­ңызға ие. Елбасының техникалық бі­лім беретін жоғары оқу орындарында «Барлық инженерлік мамандықтар үшін техникалық бейіндегі кадр­лар даярлау» бойынша талаптарын іс­ке асыру мақсатында «Креативті кә­сіп­керлік» пәні енгізілді. Экономика ка­фед­расының студенттері «Жас ғалым» бағ­дар­ламасына қатысады. Әр студенттік зерттеу жобасын қаржыландыру 100 мың теңгені құрайды. «Креативті» ой­лаудың қажеттілігі жастарды жаңа жо­ғары технологиялық кәсіпорындар құруға, жұмыс берушілер ретінде көрінуге және қаржылай тәуелсіз болуға үй­ретеді. Экономика саласында білім ала­т­ын студенттер ғылым, білім және өн­дірісті терең білулері қажет. Сәуле ҚҰНИЯЗОВА, С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университеттің кафедра меңгерушісі   ПАВЛОДАР