Фото: karar.com
Қайғылы оқиға қыз жігітінің жаңа құлаққабын тексерген кезде болған. Бойжеткен кенет құлағының қатты ауырғанын сезіп, қатты тарс еткен дыбысты естіген.Сымсыз құлаққаптардың бірі кенет жарылып, құлақ арнасы мен құлақ қалқанына зақым келтірген.
Зардап шеккен қыз дереу ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілген. Дәрігерлер зақымдалған құлағы есту қабілетінің бір бөлігін жоғалтуы мүмкін екенін айтқан.
Мамандар құлаққаптың жарылуы әртүрлі себептерден, соның ішінде батареялардың қызып кетуінен немесе өндіріс ақауларынан туындауы мүмкін екенін ескертеді.
Оқиғаның нақты себептері әлі анықталған жоқ.