17 Қыркүйек, 2011

Мозамбик Керекуге көз тігеді

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мозамбиктің минералды ресурстар жөніндегі министрі Эс­перансе Лауринда Франциско Биас бастаған ресми адамдар мен кә­сіпкерлер ENRC компания­сы­ның шақыруымен өндірісті өңір­ге келіп қайтты. Облыс әкімі Ба­қытжан Сағынтаев африкалық елден келген қонақтармен кездесіп, облыстың әлеуметтік-эко­но­ми­калық дамуы және өңірдің ин­вестициялық мүмкіндіктері тура­лы әңгімелеп берді. – Облыс өркенді дамып келеді, өнеркәсіп және ауыл ша­руа­шылығы өндірісінде 166 жоба жүзеге асырылуда. Бұған елімізде жасалған инвестициялық үдеріс, соған сай қабылданған әлеуетті мемлекеттік бағдарламалар жол бастауда, – деді облыс әкімі өз сөзінде. Өңірдің әлеуметтік дамуына инвесторлар белсене қатысып, олар­дың көшбасшысы – ENRC компаниясы тұрғын үйлер мен балабақшалар салуда, аурухана­лар­ды медициналық жабдық­тар­мен қамтамасыз етуде. Сонымен қатар, мектептерге, мәдениет пен спортты дамытуға үлес қосып келеді. Алыс қашықтықтағы екі ел арасындағы байланыс үстел басындағы әңгімелесуден, та­ны­с­тық­тан өріс алатыны сөзсіз. – Мозамбиктің де табиғи байлықтары жетеді. Олай болса, өндірісті өңір мен біздің ортақ мәселелеріміз көп. Енді ENRC компаниясы арқылы екі жақты қарым-қатынасымыз нығая тү­седі деп ойлаймын, – деді  Эсперансе Лауринда Франциско Биас. Африкадан келген қонақтар облыс орталығындағы «Қазақ­стан электролиз зауыты» АҚ-та және Ақсу ЖЭС-те, Екі­бас­тұздың «Восточный» разрезінде және Ақсу ферроқорытпа зауы­тында болып, өндіріс орындары­ның жұмысымен танысты. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар облысы.