17 Қыркүйек, 2011

Сенімді өкіл Қостанайда болды

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
АҚШ-тың Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Джон Ордвей Қостанайда болды. Ол облыс әкімі Сергей Кулагинмен және Л.Толстой атын­дағы об­лыстық кітап­ха­на­да жергілікті студент жастармен кездесті. Әкіммен болған кездесуде елші Қостанай жерін алғаш басып тұрса да астықты өңір туралы біліп-түйгені аз емес екенін жеткізді. Сергей Кулагин де мәр­те­белі мейманға «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» дегенді айтып, биылғы бітік егіннің көрсеткіштерін әңгімеледі. Мұнан кейін елші облыстық кітапханадағы «Америка бұры­шын­да» студент жастармен, жұрт­шылық өкілдерімен, журналистермен кездесті. Елші АҚШ пен Қазақстанның сан-салалы байланысы жөнінде көптеген сұ­рақтарға жауап берді. «Қазақстан – әлем елдерімен жан-жақты қа­рым-қатынас орнатқан мемлекет­тер­дің бірі. АҚШ Қазақстанмен көптеген халықаралық, соның ішінде лаңкестікке қатысты мә­се­лелерді бірлесіп шешуде. Жа­қын­да Қостанай облысымен ғылым және техника салалары бойынша ортақ келісімге қол қойдық», – деді Джон Ордвей. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА. Қостанай.